Ынтымақ ұйыған жерді жұмаққа теңеуге болады

Әлемдердің Раббысына сансыз мақтау мен мадақ болсын! Адамдардың асылы болған Мұхаммед Пайғамбарды, оның отбасын, сахабаларын және оның соңынан Қияметке дейін ілесушілерге Алланың рақымы мен сәлемі болсын!

Асыл дініміздің атын жамылған, теріс пиғылды «жанашырлардың» маска жамылған бет-бейнесін анықтай алмай, жолдан жаңылып, өз ұлтының, елінің, Отанының жарқын болашағына кесірін тигізіп жүргендер де баршылық. Кейбір бауырларымыздың алғашқы ниеті Алланың әміріне бойұсынып, құлшылығымен рақымына бөлену болғаны рас. Тек, уақыт өте келе діни білімінің аздығы, шариғат амалдарын толық түсінбеуі, бірқатар әлеуметтік, материалдық жағдайларының себебімен тура жолдан ауытқыды. Ары қарай оқыңыз

Жаңа Ислам мемлекетi: аңыз бен ақиқат

«Ирак және Леванта ислам мемлекеті» («ИЛИМ») немесе Ирак және Шам ислам мемлекеті – ИШИМ, сондай-ақ  «Ислам мемлекеті» – Сирияның  басым аумағында (жарым-жартылай солтүстік-шығыс аумағын бақылайтын) және 2013 жылдан Иракта («сунниттік үш бұрышты» аумағын жарым-жартылай бақылайтын)  әрекет ететін халықаралық террористік ұйымы. Ары қарай оқыңыз

Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы

Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы: «Дінді қарақшы және содырлармен байланыстыруға болмайды»

Соңғы кездері әлемдік және отандық баспасөзде «діни экстремизм», «исламист», «лаңкестік», «ислам содырлары» ұғымы жиі қолданылып жүр. Террорлық оқиғаны міндетті түрде діннің немесе ұлттың өкілімен тікелей байланыстырып жариялауды өзіміз де әдетке айналдырдық. Мемлекет басшысының өзі осындай ақпараттық шабуылдың салдарынан исламофобия туындап жатқанын ескертті. Ары қарай оқыңыз