Мемлекеттік рәміздеріміз – ұлы құндылық

4 Мемлекеттік рәміздер мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.  Ары қарай оқыңыз

Заң талаптарын бұзса, жауап береді

920bcc00b6c2db0431da82c9615cdeddҚұрметті қала тұрғындары, Сіздерді Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарымен таныстырып кетуді жөн көріп отырмын.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, елдi мекендердiң, көшелердiң, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуі тиiс. Ары қарай оқыңыз

Колледжде де бакалавр дайындайды

6Шымкенттегі жаңа технологиялар колледжі Қазақстандағы алғашқы Жоғары колледж мәртебесін иемденді. Орта арнаулы оқу орнының тек аты өзгерген жоқ. «Білім туралы» Заңындағы өзгерістерге сәйкес, енді жоғары техникалық мектеп ұғымы осы колледж дәрежесін жоғары деңгейге көтеру ісімен ұштасып отыр. Жаңа оқу жылынан студенттері жаңа бағдарлама негізінде білім алады. Оған дайындық кеше мен бүгін емес, екі жыл бұрын басталған. Жоғары колледж мәртебесі оқу орнына не береді және оның өзгешеліктері қандай? Бұл сауалдарға оқу орнының директоры Қанатбек Досалиев толымды жауап берді. Ары қарай оқыңыз

Үздік ондыққа енген Агроколледж

6-6

Кенжехан Төлебаев, Шымкент агро колледжінің директоры

ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева іс сапармен Шымкентке келді. Шымкент аграрлы колледжінің өндірістік базасымен танысты. Осындағы 5,5 гектарға салынған орталықтың тәжірибесіне қанықты.
Оқу базасының аймағындағы жүзiм, алма плантацияларын аралап көрді. Қызанақ, болгар бұрышы, бидай, арпа, жүгерi егiлген базада студенттер ала жаздай еңбек етiп, тәжiрибе жинайды. Егiстiк тамшылатып суғарылады. Егiндi күтiп-баптауды агрономия және орман шаруашылығы бөлiмiнiң студенттерi мен оқытушылары жүргiзiп, теориялық бiлiмдерiн тәжiрибемен ұштастырады. База басшылары тәлімбақтан табыс табатын күн де алыс емес, — дейді. Ары қарай оқыңыз

Елдің үздік педагогын Шымкентте таңдады

7Педагогтар бұл байқауда ән шырқамады, билемеді. Өнерлерінен гөрі сабақ беру методикасына аса көңіл бөлінді. Екінші рет өтіп отырған республикалық байқаудың ашылу салтанатында сөз алған ректорлар, үздіктерді таңдауда ұстаздың жасына, не еңбек өтіліне емес, тәжірибесі мен жаңашылдығына көп көңіл бөлетіндерін бірден айтты. Солардың бірі – Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиев. Оның айтуынша, елде педагогтарды дайындайтын 73 жоғары оқу орны бар. Сол жоғары оқу орындарының жас ұстаздары арасында өтетін бұл конкурстың мақсаты үздік ұстазды анықтап, оның мәртебесін көтеру. Сабақ берудегі жаңалығын көпшілікке паш етіп, методикасын халыққа тарату. Ары қарай оқыңыз

Дәріленбеген көкөніс таңдау үшін…

9Жеміс-жидектер мен көкөністердің сауда орындарына түсе бастағанына көп уақыт өте қоймады. Тіпті, жергілікті шаруалардың бау-бақшалары да өнім беріп үлгерді. Дихандардың қауын-қарбызы қала базарларына жеткізілді. Базарларға келіп түскен өнім құрамындағы нитрат мөлшерін зертхана мамандары тексереді. Дегенмен, сала мамандары қауын-қарбыз таңдауда бәрібір сақтық керектігін ескертеді. Құрамында нитрат шамадан артық болса, соңы улануға соқтырады. Олай болса, жеміс-жидек мен көкөніс таңдауда нендей ережелерді білу керектігін саралап көрсек. Ары қарай оқыңыз

Күн ыстықта қарақұрт құтырады

10Облысымызда бір айдың ішінде қарақұрт шаққан 11 адам ауруханаға түскен. Оның екеуі – балалар. Қарақұрттың уы ысылдағыш улы жыланның уынан 15 есе күшті. Басқа өрмекшілерден айырмашылығы бүйірінде қызыл дақтары болады. Бір қызығы, қарақұрт шаққанда ауырсыну сезілмейді. Шаққаны білінбеуі де мүмкін. Алғашқы 15 минут пен 6 сағат арасында мынадай белгілері байқалады: Ары қарай оқыңыз

Ораза артериосклерозды жояды

94506500Биыл ораза 29 күнге жалғасып, 5 шілде күні Ораза айтымен ұласады. Бұл кездері мұсылман қауымының бес парызының бірі — ораза ұстап, Аллаға құлшылықпен өткізген абзал. Ораза ұстау рухани жағынан, әрі денсаулық сақтау үшін пайдасы зор. Ауыз бекітудің пайдалы екендігін медицина мамандары да қуаттайды. Мәселен, ораза ағзаның иммундық жүйесін күшейтеді Ары қарай оқыңыз

Қаны бір, тәні бөлек


10-1Ақтөбедегі терактіден жараланған  бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалу үшін қазақстандықтар қан тапсырып, көмек көрсетті. Ақтөбе жұртшылығы жаралы жерлестері үшін қан берді. Алдымен полицейлер донор болуға келсе, олардың бастамасын студенттер жалғастырды. Тіпті, қарт кісілер де келді. Жарақат салдарынан қан жоғалту әр адамның басына түсуі мүмкін жағдай. Сондықтан да донорға сұраныс әрдайым бар. 
Ары қарай оқыңыз