ЗТМО-ның қызметі қандай?

Дәстүрлі түрде газетіміздің тұрақты оқырмандары тарапынан жолданған сұрақтарға тиісті сала мамандарының жауаптарын жариялап келеміз. Ал, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бөлімшелері арқылы көрсетілетін қызметтер жөнінде аталмыш орталықтың ОҚО бойынша филиа-лының басшысы Сағира Айтанаева жауап берген еді.

ЗТМО-ның қызметі қандай?

kapital.kz

Сұрақ:

– ЗТМО бөлімшелері арқылы қандай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі?

Жауап:

– ЗТМО бөлімшелері арқылы зейнетақы және мемлекеттік базалық зейнетақы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы,№1 және №2 тізімдері бойынша тағайындалатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке жарамсыз болуы, не болмаса жұмыссыз қалуына байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау, бала күтіміне, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау, жерлеу-ге берілетін біржолғы төлем қызметтері көрсетіледі.

Айтулы төлемдерге байланысты өтініш пен қажетті барлық құжаттарды тұрғылықты жерi бойынша орталықтың бөлімшесіне тапсыруына болады. Қызметтер тегін, кезекке тұру арқылы, алдын-ала жазылусыз және жылдам жүргізіледі.

Сұрақ:

– Аталған мемлекет-тік қызметтерді ЗТМО-нан басқа қандай мекемелер көрсетеді?

Жауап:

– «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау», «Бала туғанда берілетін және бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау», «Жасына сәйкес тағайындалатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы» сияқты мемлекеттік қызметтерді алушыда электронды цифрлық қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асыруға болады.

Ал, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы нақ осы қызметтермен қоса, «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айы-рылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар», «№1 және №2 тізім бойынша тағайындалатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар», «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылуына байланысты табысынан айырылған жағдайларына берілетін әлеуметтік төлемдер», «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар», «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы» қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *