Жылудың жыры бітпей тұр

Шымкент қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы саны – 1762. 1-қарашаға дейін 1427 көпқабатты тұрғын үй жылуға қосылған.

Жылудың жыры бітпей тұрЯғни көпқабатты тұрғын үйлер 81 % жылумен қамтылды. Қалған көпқабатты тұрғын үйлерді жылуға толығымен қосу жұмыстарын ағымдағы жылғы 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда. Ал, қаладағы білім беру, дене шынықтыру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік нысандары 100% жылуға қосылды. Десе де, қаладағы көпқабатты үйлердің біразы әлі жаурап отыр. Мәселен, Жангелдин көшесіндегі №16 үй қысқы жылуға әзір емес болып шықты. Ол аздай ыстық су жүйесі істен шығып, жертөлесі суға толып қалған. Үй меңгерушісі тұрғындардан жөндеу жұмыстарына ақша жинай алмай әбігерге түсуде. .

Жалпы, Шымкенттегі жылу беру маусымы 26-қазан күні басталған. Бірақ, қалада 335 үйге әлі жылу берілмепті. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәлік Әбдінұровтың айтуынша кейбір үй төрағалары жылудың беру уақытын өздері қолдан созып отырған көрінеді. Мұны жылу ақысының қымбаттауымен байланыстырғандар ең соңғы болып жылумен қамтуды сұраныпты. 11 үй әдейі жылу алмай отыр екен. Ал кейбірі кімнен қалай көмек сұраудың жолын білмей, дайындық жүргізе алмай отырғандардан құралады. Тұрғындардың жайбасарлығына қарамастан 10 қарашаға дейін барлық көпқабатты үйлер жылумен қамтылуы тиіс, дейді мамандар.

Жансая Сыдықбай

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *