Жиырма бес кітап, жиырма бес ән

Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірге дайындалған педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы «Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру» курсында «Екінші шеберлік кезең» атты мектептің даму жоспарына сәйкес «Жиырма бес кітап, жиырма бес ән» іс-шарасын өтті.

Бұл жоспардың ең басты мақсаты — оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оята отырып, оларға қазақтың классик ақын-жазушыларының шағармашылығын, ұлттық дәстүрлі әндерімізді насихаттап, олардың сана-сезімін, ой-өрісін, рухани ойлау қабілетін дамыту,өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін, —

деп, Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағанындай әдеби кітаптар мен оқулықтар-білім көзі, рухани қазына болғандықтан мектепішілілік «Жиырма бес кітап, жиырма бес ән» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың бірінші күндері кішкентай оқырмандарға арналды. 3-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері К.Ахан,Ф.Хамракулова, К.Ходжамкуловалардың жетекшілігінде  3 топқа бөлініп, сайысқа түсті. Сайыста әр оқушы мақал-мәтел айту, шешендік өнер және ертегі кейіпкерлері жайлы өз өнерлерін көрсетті. Сайыс барысында кішкентай бүлдіршіндер ән, би сонымен қатар ертегілерден көріністер көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Ал әділ қазылар алқасы жүлделі орынға ие болған топқа «Кім кітапты көп оқиды?» номинациясы бойынша мадақтама беріп, әдеби кітаптан сыйға тартты. Осы апталықтың аясында 6-7-8-сынып оқушылары арасында да өздерінің оқыған шығармаларына эссе жазып, өз сүйікті ақын жазушыларының шығармаларынан өлең оқып, әр шығармадан алған әсерлерін ортаға салды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Апталықтың соңғы күндерінде жоғарғы сынып оқушыларына да кезек берілді. Кітапханашылар осы сынып оқушыларымен сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде мектеп бағдарламасына сәйкес оқылатын әдеби кітаптарға сұраныс көп екендігі байқалды. Қазіргі заман талабына сай интернет желісі арқылы оқылатын кітаптарға да қызығушылық бар. Кітаптан оқыған баланың тіл байлығы мен ой өрісі және рухани байлығы арта түсетіні анық. Сол себепті балаларға кітаптың қандай қадір қасиеті бар екенін түсіндіре отырып, кітап оқуға ықпал жасау бұл біздің міндетіміз деп білемін.

Ақмарал БАЙБОЛАТОВА,

№48 жалпы орта мектептің директоры 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *