Жеміс ағаштарына құмар зиянкес көп

8bbabe078af8Кейінгі жылдары облыс аумағында жемісті ағаштар көптеп отырғызылуда. Соған байланысты сырттан келетін көшеттермен бірге шетелдерден карантинді зиянкестер де еніп жатыр. Солардың бірі – калифорниялық қалқаншалы сымыры.Бұл карантинді зиянкес көбіне алма ағаштарын, жемісін қатты зақымдайды. Отаны – Солтүстік Қытай елінен алғашқыда көшеттіктермен Америка еліне (Калифорния штаты) қоныстанған. Кейінірек көшеттікпен, жемістермен бірге басқа да мемлекеттерге тарай бастады. Содан атауы калифорниялық қалқаншалы сымыры болып таралған.
Калифорниялық қалқаншалы сымыры – 84 ботаникалық тұқымдасына жататын 264 түрлі өсімдік ағаштарында тіркелген. Карантинді зиянкес бәріне бірдей зиян келтіре бермейді, негізінен раушан гүлділер тұқымдасына жататын, соның ішінде жемісті-жидек және әсемдік ағаштарды зақымдайды. Соңғы жылдары елімізде жемісті ағаштарда кездесетін калифорниялық қалқаншалы сымыры зиянкесіне кең көлемде зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Калифорниялық қалқаншалы сымыры көбіне жас көшеттіктерді қатты зақымдайды. Зиянкес ауа температурасы 40 градусқа төмендегенде, +45° градусқа қызғанда да тіршілік ете береді. Біздің өңірде калифорниялық қалқаншалы сымыры жылына 2-3 ұрпақ бере алады. Зақымдалған ағаштың жапырақтары ерте түсе бастайды, жемістері өзгеріске ұшырайды, көшеттің (ағаштың) өсуі тежеледі, тамырлары жарылып ағаштардың өлуіне әкеп соғады.
Калифорниялық қалқаншалы сымыры зиянкесімен күресу жұмыстарының ең тиімдісі агротехникалық (механикалық) және химиялық әдіс болып саналады.
Карантинді зиянкеспен күресу жұмыстары барысында негізгі мына талаптар орындалуы қажет:
— зиянкестің зақымдануына төзімді сұрыптар отырғызу;
— зиянкес қоныстанған ошақтарды дер кезіңде анықтап, оларды оқшаулау және жою;
— калифорниялық қалқаншалы сымыры зақымдаған ескі ағаштарды қазып алып тастау;
— ағаш діңіндегі және бұтақтардағы қурап қалған қабықшалардан тазартып, оларды өртеп тастау;
— қурап қалған бұтақтардан тазарту;
— жеміс қалдықтарынан тазарту;
— жас көшеттерді ерте көктемде минералды — майлы эмульсиямен өңдеу, ал, вегетациялық даму кезіңде фосфор-органикалық улы препараттармен өңдеу қажет.
Калифорниялық қалқаншалы сымырына қарсы БИ-58 40% (жаңа) -1,4 л/га химиялық улы препаратты қолданады.

Дина Әлімқұлова, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ ОҚО Сайрам аудандық филиалының
агроном-энтомологы

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының телефоны: 29-00-19

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ ОҚОФ телефоны: 21-33-44

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *