Желтоқсанда ашылған жаңа нысандар

8 вручение ключей(1)

58 пәтер берілді
ҚР Тәуелсіздігі күнінде «Нұрсәт» мөлтек ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жаңадан бой көтерген №56 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады. Әрі қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге  жас отбасыларға, жетімдер мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге арналған 58 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті. 
Айта кетерлігі, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Өңірлерді дамытудың — 2020» жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде көптеген бағыттар қамтылған. Атап айтар болсақ, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар, жас отбасылар. Қазақстан «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі желісі бойынша, «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйіне кезекте тұрғандар мен халықтың барлық санаттары осы бағдарлама аясында тұрғын үйге қол жеткізуіне болады.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу тізімінде қазірге дейін 19722 азамат тіркелген. Жыл соңына дейін жоспар бойынша 1624 кезектегі азамат пәтермен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты, «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы осы жылы 3 үй пайдалануға беріліп, 180 банк салымшылары тұрғын үймен қамтылған. Ал, екінші жүйедегі «Жас отбасы» санаты бойынша 5 үй пайдалануға беріліп, 270 отбасы жаңа қонысын тойлады. Сонымен қатар, тұрғын үй бағдарламасының үшінші бағыты «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» арқылы жергілікті атқарушы органда кезекте тіркелген 1080 азамат жылдың соңына дейін пәтерлеріне қоныстанады. Осылайша, биыл Шымкентте 2700-ден аса тұрғын өз баспаналарына қол жеткізбек.

8 медколледжҒимараты жаңарған колледж
Шымкентте 85 жылдық тарихы бар қалалық медицина колледжінің жаңа оқу-клиникалық корпусы ашылды. 8 мамандық бойынша дәрігерлерді дайындайтын оқу базасының ашылу рәсіміне облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов өзі қатысты. Оқу-клиникалық орталықта 16 кабинет пен 8 зертхана бар. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектер сақталатын 5 бөлмесі мен бірнеше оқу кабинеті қарастырылған. Мұнда студенттер заманауи құрал-жабдықтармен, яғни, адам ағзасына сәйкестендірілген фантом, муляждармен тікелей жұмыс істейтін болады.
8 гимнастикаКөркем гимнастика спорт кешені
Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай «Нұрсәт» шағынауданында жаңадан бой көтерген көркем гимнастика спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Аймақ басшысы көркем гимнастика шеберлерін дайындайтын заманауи спорт нысанында жаттығатын спортшылар мен облыс тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. «Биыл Арыс, Шымкент, Түркістан қалалары мен Түлкібас, Сайрам аудандарында заман талабына сай спорт нысандары пайдалануға берілді. Енді осындай спорт кешендері облыстың әр ауданында салынатын болады. Бұл болашақ ұрпақтың денсаулығына жасалынып жатқан инвестиция деп ойлаймын», — деді өңір басшысы Б.Атамқұлов.
Спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС-і жүргізген. Нысан 8 блоктан тұрады. Мұнда спорттық арена, екі көрініс алаңы, 700-ден астам көрерменге арналған трибуна бар. Бұдан бөлек, 6 жаттығу залы, хореография залы мен венткамера, буфет, медпункт және егу бөлмесі, спортшылардың киім ауыстыру және жуыну бөлмесі қарастырылған. Сондай-ақ, қонақжай бөлмесі, бассейн, 38 адамға арналған жатын бөлме мен галерея бар.

Дайындаған — Жансая СЫДЫҚБАЙ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *