Жедел жәрдем көлігін жабдықтайтын«Kazmedpribor Holding» ЖШС

dsc03195

Елбасы жолдауының отандық өнімді дамыту бағытында ел медицинасын өзімізде жасалған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп жүрген бірден бір кәсіпорын — «Kazmedpribor Holding» ЖШС. Компания өндірісін одан әрі кеңейтіп, рентген аппаратарын жасайтын зауыт салуды бастады. Аталмыш зауыт жапондық «SHIMADZU» фирмасымен серіктестік орнату нәтижесінде салынады. Жылына 60 мың дана құрал-жабдық шығаруға қауқарлы кәсіпорында 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Отандық компания ауруханалар мен диагностикалық орталықтардың заманауи рентген аппаратына деген сұранысын өңiрде ғана емес, республика бойынша да қанағаттандырмақ.

Халыққа толыққанды әрі сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жоғары технологиялармен жабдықталған және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген мекемелер қажет. «Kazmedpribor Holding» ЖШС осы миссияны орындап жүрген отандық кәсіпорын. Еліміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған «Қазмедприбор» мекемесі бүгінде медициналық жиһаздар мен жоғары технологиялық электронды құрал-жабдықтардың 300-ден астам түрін шығарады. Кәсіпорын 2005 жылы Рахат Байзақовтың басшылығымен құрылған. Компания жұмысы қарапайым өнімдерді құрастырып, оны тек жергілікті аймақтарға сатумен басталған. Олар: төсек-орындар, операцияға арналған үстелдер, шкафтар мен стилаждар. Тек 2008 жылдан бастап медициналық жиһаздарды өндіруді қолға алған.

«Мұның да өзіндік себебі бар, сол кезде медициналық жиһаз жасау нарыққа шығудың қарапайым әрі қол жетімді жолы болатын. Барлық жиһаздың жобасы электрондық құралдар сияқты конструкторлық бюрода жасалынады және жинақтаудың барлық кезеңінде сапасына міндетті түрде бақылау жүргізіледі»,- дейді компания басшылығы.

 

Шымкентте медициналық жабдыққа қажет шикізат көп

Компанияның Шымкентте салынудың да өзіндік себептері бар. Біріншіден, негізін қалаушы Рахат Байзақов осы өңірдің тумасы, екіншіден медициналық жабдықтар жасауға қажетті шикізаттың басым бөлігін Шымкенттен оңай табуға болады, үшіншіден шет елден әкелінетін қажетті заттар Алматының жолымен жүреді. Ал Алматы өз кезегінде Шымкентке жақын орналасқан.

Өндіріс кешенінің үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламсы ның аймақтық жоспарына қосылғаннан кейін кәсіпорынның екінші тынысы ашылды деуге болады. 2013 жылы кәсіпорын өндірісті әртараптандыру арқылы неғұрлым күрделі міндетке аяқ басты, яғни бұл медициналық жабдықтарды шығару болатын. Мемлекеттік қолдау жобасының арқасында электронды құралдарды өндіретін цех құрылды, дәл осы орталықта шын мәнінде инновациялық құрылғылар жасала бастады.

Осылайша компания ірі мамандандырылған кәсіпорындар қатарынан бір-ақ көрінді. Бұл Отандық компанияның тағы бір бағыты — жедел жәрдем көліктерін қажетті материалдармен жарақтандыру жұмысын қолға алуға жол ашты.

1_17

Ерекше атап өтетін жайт, Қазақстанда жедел жәрдем көлігін жабдықтау тек аталмыш кәсіпорында ғана жүзеге асады. 2014 жылы «Kazmedpribor» кәсіпорны «Kazmedpribor Holding» ЖШС ретінде дәуірін жалғастырды.

Кәсіпорынның негізгі табысы мемлекеттік сатып алулардан түседі. Яғни, жарияланған аймақтық, республикалық тендерлерді ұтып алып, сол тапсырыстарды жүзеге асырады. Елбасының «Отандық өнімді дамыту» саясатының және сапалы өнімінің арқасында кәсіпорын мемлекеттен көп қолдау тауып жүр.

ajdos-m%d3%99ulen%d2%9b%d2%b1lovАйдос Мәуленқұлов
«Kazmedpribor Holding» ЖШС бас директоры:
– Бүгінде ашылғанына он бір жыл толған кәсіпорын қазір әлемдік стандарттарға жауап беретін өнімдерді шығарып отыр. Елімізде біздің компанияға бәсекелес компания жоқ деп айтуға да болады. Бізге бәсекелес шетелдік компаниялар, Қазақстандағы біздің өнімдер сол компаниялармен техникалық сипаттамасы жағынан бәсекелес келеді. Біздің ұтатын жағдайымыз біздің өнімдердің бағасы шетелден келетін өнімдерге қарағанда 30%-ға төмен және біздің сервистік қызмет көрсету жағынан өте тез атқарылады. Тұрақты серіктестеріміз – Корея, Жапония, Испания және Германия елдері.

Мысалы 2015 жылы 30 желтоқсанында «Самұрық Қазына фармациясы» медициналық жабдықтар мен жиһаздардың 99 түрін жасау бойынша тендер жариялаған болса, «Казмедприбор Холдинг» 88 түрін жасап шығаруды құқығын жеңіп алды. Осы арқылы мемлекетпен жеті жылдық келісімшартқа қол қойған. Енді кәсіпорын алдағы жеті жыл бойы келісімшартта көрсетілген мемлекеттік ауруханаларды медициналық жиһаздар және жабдықтармен қамтамасыз етіп отырады. Ал 2016 жылы ОҚО облысының денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен 30 жедел жәрдем көлігін жарақтандыру мүмкіндігіне ие болды. Бұдан бөлек, жеке меншік ауруханалардың да тапсырыстар қабылдайды.

 

Қырғызстан мен Ресейге экспорттайды

Кәсіпорын медициналық жиһаздарды тек Қазақстан аумағында ғана емес, Қырғызстан және Ресей елдеріне де экспорттайды. Ал медициналық жабдықтарды шетелдік нарыққа шығару әлі жоспарланып отыр.

Нысанның ерекшелігі барлық зат шикізат күйінде ғана келеді. Одан кейінгі жұмыстардың барлығын кәсіпорын қызметшілері атқарады. Шет елден тек микрожүйелер, мониторлар, яғни елімізде шығаруға қаржылай тұрғыдан тиімсіз бұйымдар ғана әкелінеді. «Сырттан тасымалданатын материалдардың санын азайтып, керісінше шет ел нарығын бағындыруды мақсат етіп отырмыз»,- дейді компания басшылығы.

3_19

Бастапқыда компания кәсіби инженерлер, технологтар, өзге де білікті жұмысшылар мамандарының жетіспеушілігін сезінді. Себебі, Қазақстанда дәл осы салада жұмыс істейтін мамандар және мамандық жоқ. Сол себепті, олар өз кезегінде техникалық мамандықтарды тәмамдаған түлектерді іріктеп, өз қаржыларынан серіктес шетелдік компанияларға біліктілігін арттыруға жібереді. Ал қазіргі таңда маман жетіспеушлігі артта қалған мәселе. Компаниядағы 5 цехта 308 адам жұмыс істейді. Компанияның өнімдерін сататын Астана және Алматы қаласында филиалдары бар.

 

«Алтын сапа» белгісін жеңіп алған

Басшылықтың айтуынша, Кәсіпорын «ISO-9001» СТРК ИСО 9001-2009 сертификаттарына сай екенін дәлелдеген. Сертификаттауды медициналық техника сапасы саласындағы жетекші сарапшылар жүргізген. Медициналық жабдықтарды жасауда жетекші кәсіпорын екендігін Елбасымыздың табыстаған «Алтын сапа» секілді беделді марапаты айғақтайды.

mg_5352

Сондай-ақ, компания бір мезетте үш бірдей қондырғының жұмысын істейтін жоғарғы санаттағы УДЗ аппаратын шығарады. Арнайы монитор көмегімен ананың жатырындағы баланың жүрек қағысы мен оның өсіп-жетілуін бақылауға болады. Соңғы үлгідегі заманауи қондырғы 3-Д форматында жұмыс істейді. Компания басшылығының алға құрған жоспарлары да зор. «Ал алдағы уақытта индустриялды аймақта шетелдік компаниялармен бірігіп машина құрастыратын зауыт ашуды жоспарлап отырмыз. Осыған дейін дайын келген жедел жәрдем көлігін жарақтандырған болсақ, енді көлікті де өзімізде жасап шығармақпыз. Осылайша, 76% қазақстандық мазмұнға ие болған құрал-жабдықтар толықтай өзімізде құрастырылатын болады»,-дейді бас директор.

Ауқымды өндірістік алаңдары, бай материалдық базасы бар алып кәсіпорын білікті кадрлары, тәжірибелі инженерлерінің күшімен әлі талай биікті бағындыратынына сенімді. Отандық өнім өндіруші имиджін сақтай отырып, медициналық құрал-жабдықтар, жиһаздар құрылысы саласындағы жетекші позициясын сақтап қалмақ.

Әлия ӘДІЛБЕК

 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *