Жастарға қолжетімді баспана керек

112Қазақтың мұңы – баспана. Бір баласын арқалап, екіншісін ертіп, пәтерден пәтерге көшіп, үй иесінің қабағына қарап күнелтіп жүрген жас отбасы көп. Ресми санға сенсек, бүгінде қаламызда тұрғын үй кезегінде 22 035 адам тұр. Жас отбасыларға қойылатын жаңа талаптар да бар. Тұрғын үй кезегіне тұру үшін Ал, оларды бас-панамен қамтамасыз ету екі түрлі жолмен  жүзеге асырылады. 

Біріншіcі, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы болса, екіншісі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» орындалады.
«Қазақстан ипотека компаниясы» арқылы құжат тапсырушылар 35 жасқа дейін болса, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» арқылы құжат тапсырушы жас жұбайлардың жасы 29-дан аспауы керек.
Осы жерде күйеуі, не әйелі мемлекеттік қызметте еңбек етпейтін жас отбасыларына қандай мүмкіндік бар, деген сұрақ туындайды. Олар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы үй алуларына болады. Ал, жас отбасында мемлекеттік қызметкер бар болса, онда екі жолмен де тұрғын үй кезегіне тұра алады.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2012 жылы жаңа «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы қабылданған соң жұртшылықтың баспаналы болуға деген үзілген үміті қайта жалғанды. Қазір қолданыстағы «Қолжетімде баспана-2020» бағдарламасы аясында азаматтардың барлығын іріктеп топ-топқа бөлген. Біріншісі арендалық коммуналдық тұрғын үймен қамтылатын азаматтар. Олар жергілікті атқарушы органда кезекте тұрады. Жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар бес санатқа бөлінеді.
Олар:
1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары,
2. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
3. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігі,
4. Мемлекеттік қызметкерлер,
5. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері,

raspredelenie-kvartir-atyrau_564d842b664c6

«Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша таза әрленген тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін сату бағасы: 1. жайлылығы IV сыныпты тұратын үй — Астана мен Алматы қалаларында – 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), — Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 110 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), — қалған өңірлерде – 90 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде); 2. жайлылығы III сыныпта тұрғын үй — Астана мен Алматы қалаларында – 142,5 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде); — Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 115 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), — қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) – 100 мың теңгеге дейін құрайтын болады. *Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы ресімдегенде тұрғын үйдің бағасы таза әрленген тұрғын үйдің (пәтердің және (немесе) бір қабатты жеке тұрғын үйдің) жалпы алаңының бір шаршы метрін салудың базалық құны Астана және Алматы қалаларында 185 мың теңгеге дейін (ИКИ құнын есептемегенде) құрайды, бағасы 2015 жылдан бастап жыл сайын инфляция коэффицентіне және (немесе) құрылыстағы баға индексінің өзгеруіне сәйкес түзетіледі.

Жас отбасыларға жалдамалы тұрғын үй

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы іске асырылатын «Жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй» деген бағыт бар. Бұл бағытқа кімдер қатыса алады?
— некеде тұрған кезеңі 2 жылдан кем емес жас отбасы;
— баланы (балаларды) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір қалған ата-анасының біреуі ғана асырап отырған толық емес жас отбасы.

Оларға қойылатын негізгі талаптар:
— өтініш беру сәтіне дейін ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасының 29-дан аспауы;
— өтініш беру сәтіне дейін некеде тұрған кезеңінің 2 жылдан кем болмауы;
— өтініш берілген елді мекенде тіркеуде тұруы;
— ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балалар) соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында баспанасының болмауы;
— соңғы 6 ай ішіндегі жиынтық таза кіріс — күнкөріске қажетті ең төменгі қаражаттың 3 еселенген мөлшерінен, ең жоғарысы 12 еседен артық болмауы.

Қатысушыларды іріктеу тәртібі:

— жас отбасыларды іріктеуді және есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқару органы жүзеге асырады;
— іріктеуден өткен қатысушылар төлем қабілетін бағалаудан өту үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға жіберіледі;
— төлем қабілетін растаған қатысушыларды жергілікті атқару органдары (ТКШ) балл жүйесі бойынша бағалайды және кейіннен сатып алумен жалдамалы тұрғын үй алушылар тізіміне кіргізеді.
Аталған бағыт бойынша өтініштер қабылдауды және үміткерлерді іріктеуді, жоғарыда айтылғандай, ТКШ жүзеге асырады. Үміткерлерді іріктеу балл жүйесі бойынша жүргізіледі (ең көп балл санына қарай):
— бірінші бала үшін — 20 балл, әрбір екінші және одан кейінгі бала үшін — 30 балл;
— Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сай, мүгедек немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын әрбір отбасы мүшесі үшін — 10 балл;
— мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған үйге алдыңғы іріктеу кезінде тізімге кіргізілмеген үміткерлерге — қосымша 5 балл;
— жасы 29-ға толмаған, ата-анасынан кәмелетке жетпей айырылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін — 10 балл.
Осылайша, жалдамалы тұрғын үйді бөлу кезектілігі жиналған балл санымен анықталады. Балл саны тең болған кезде, шешімді көпшілік дауыспен тұрғын үй комиссиясы анықтайды.

Жалдау талаптары:
Тұрғын үй құрылысы аяқталған соң жергілікті атқару органы бағдарлама қатысушысымен 8 жылға дейін жалдау шартын жасайды. Бұл уақыт ішінде бағдарлама қатысушысы пәтерде тұрып жатып, жалдау төлемінсіз, өзінің «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» жинақ шотында ай сайынғы/біржолғы жарна салу жолымен тұрғын үй құнының 50 пайызын жинақтауы тиіс.
Кейін сатып алу шартымен тұрғын үйді жалға алудың ерекшеліктері:
— ақша жинақтау мерзімі — 8 жылға дейін;
— кепілдік жарна — жинақтау бойынша стандарттық жарнаның 6 еселенген мөлшері;
— коммуналдық қыз-меттерді төлеу;
— 3 ай ішінде жарналарды жинақтау бойынша төлемдер болмаған жағдайда, жалға алушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару банктің нақты тұрғаны үшін өтемақы есебінде қатысушының жинақталған қаражаттарын және стандартты кепілдік жарнасын әкімдікке аударуымен жүзеге асырылады.
Меншікке сатып алу талабы және тәртібі:
Қатысушы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» жинақ шотында тұрғын үй құнының жартысын жинаған соң (8 жыл ішінде), қалған жартысына өзі жалға тұрған баспананы меншікке сатып алуға банкте жылдық 4 пайызбен несие рәсімдейді.

Жанерке Хумар

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *