Жас ғалымдар көрмесі

Жуырда «Көркемсурет галереясында» қаламыздағы қазақ-түрік лицейі оқушыларының қатысуымен «Білім және денсаулық» атты көрме өтті.

Жас ғалымдар көрмесі

Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен көрменің мақсаты қазақ-түрік лицейлерінің жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден меңгерген теориялық білімін практикалық тұрғыдан дәлелдеу болды.

Көрмеге оқушылар жасаған роботтар мен түрлі техникалық құрылғылар қойылды.

Жас ғалымдар көрмесі

№1 қазақ-түрік ерлер лицейінің оқушылары Иябай Бекасыл мен Сейілхан Мағжан газдалған сусындарды өрт сөндіру құралы ретінде пайдалануға болатындығын айтады. Талантты оқушылар ойға алғандарын тәжірибе ретінде көрсетіп берді. Ал, Ернар Бұхар – осы лицейдің 10 сынып оқушысы. Ол «Coca-Cola» сусынының денсаулыққа, соның ішінде сүйекке қалай әсер ететінін дәлелдеп шықты.

 

– Газдалған суға сүйекті 4 күн салып қойдық. Сол кезде сүйектің шіріп кететіндігіне көз жеткіздік. Осы себепті, бұл тәжірибені тұрғындарға көрсетіп, оның зияндылығы мен көп тұтынуға болмайтынын айтқым келді, – дейді Ернар.

Жас ғалымдар көрмесі

Көрмеде бұдан бөлек оқушылар физика, химия, информатика пәндерінен түрлі қызықты тәжірибелерін түсіндіріп жатты. Бұл шараға барлығы 800-ден астам оқушы мен қонақ қатысты.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *