«Жасөспірім және заң» атты дөңгелек үстел өтті

Шымкент қаласындағы  №42 Хамза атын. жалпы орта мектебінде Абай ауданы прокурорының көмекшісі М. Баймахановтың қатысуымен жасөспірімдер арасында қылмыс, құқықбұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында   «Жасөспірім және заң» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында мектеп инспекторы Д.Тажибаев оқу жылы барысында оқушылармен жүргізілген профилактикалық жұмыстар туралы баяндама жасады. Прокуратура тарапынан арнайы дайындалған «Үзілген үміт» атты қысқа метражды фильм көрсетіліп,оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды.

Абай ауданы прокурорының көмекшісі М. Баймаханов оқушыларға қылмысқа  бармауды және кез келген құқықбұзушылықтың жауапкершілігі барлығын тілге тиек етті.

Ата-аналардың үміттерін ақтап, Тәуелсіз Еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосатын азамат болуларына тілек білдірді.

Шараның соңында оқушылар құқық қорғау органдарына толғандырған сұрақтарын қойып,жауап алды.

Шымкент қаласындағы

№42 Хамза атындағы

жалпы орта мектебінің ұжымы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *