ЖАРАТЫЛЫС ИЕСІ – БІР АЛЛА

94506500Биссмилаһир рахмани рахим
Әуелі әңгіменің бастауын адамзат өмір сүріп отырған Жер Анамыздан бастайын. Жер шар тәріздес домалақ, яғни сызықтық шегі жоқ. Қалай қарай қозғалып жүремін десең де өз еркіңде, алдыңнан шекара кездеспейді. Тау, өзен, көл, мұхит сияқты кедергілер кездесуі мүмкін. Бірақ, ол адамзатқа шекара емес.
Жер-ана мәңгілік қозғалыста. Оның мәңгілік қозғалысы уақытты шексіздікке жетелейді. Егер айналуын тоқтатса, уақыт та тоқтайды. Жер өз білгенін (өсінен) айналуымен бірге. Күннің де сыртынан айналатынын бәріміз мектепте геграфия пәні сабағынан өтіп білгенбіз. Сол сабақты қайта еске түсірейік. Жер күннің сырт ынан бір жылда бір рет айналып, 471 млн Шақырым жол жүреді екен. Егер де бір жалда 365 тәулік, 5 сағат, 48 минут, 46 секунд бар деп, оны сағатқа айналдырсақ, орта есеппен 8742 сағат болады екен, яғни жер 471 млн Шақырым жолды 8742 сағатқа жүріп өтеді екен. Немесе сағатына 57146,32 шақырым жылдамдықпен жүріп отырады екен. Оның үстіне жер өз білігінен (өсінен) жоғарыда айтқанымыздан басқа бағытта айналып отырып сағатына 1666,67 шақырым жол жүріп отырады екен. Не деген ғаламат жылдамдықтар! Бұндай зымыран жылдамдықты адамзат баласы не үшін сезіп түсінбейді? Сағатына мыңдап емес, екі жүз шақырым жүріп отыратын автомобилмен жүйткігенде қарапайым адам баласы басы айналып, көбісі мұндай жылдамдыққа шыдай бермейді. Ал, жер шақырымына мыңдаған шақырымдық жылдамдықпен тоқтаусыз жол жүре отырып, неге өз жолынан ауытқып кетпейді. Осы Жер-ананың үстінде өмір сүріп отырған адамзат сананы қайдан алды, сөз сөйлеуді кімнен үйренді, ойлау мүмкіндігін кім берді? Мұндай сұрақтарға ешкім де жауап бере алмас. Бұны тек ғана бір Алла біледі. Ол бәрімізден ұлы, бәрімізден биік. Жерді де, Күнді де, Адамзатты да жаратқан сол – бір Алла!
Сонау бір замандарда өмір сүрген ақыл, білім иесі Ғазали кітапханасында сақталып осы күнге дейін жеткен «Нұрнамаға» бір сәт үңілейік.
«Бисмиллаһир Рахманир Рахим. Әуелі Алла тағала һазірет саллаллаһу алайһу уассаламның нұрын жаратып, оны сегіз мың әлем және Адамнан бұрын Пайғамбарымыздың нұрын жаратып басын сәждеге қойды.
Раббіл низаттан пәрмен жетті, айтты: «Ей, менің нұрым, ей, менің хабибім, ей, менің барғузидім, ей менің пендем! Сенің дос мейір махаббатыңнан жеті дария жараттым: Әуелі ғылым дариясы; екінші мүләйім құлықтың дариясы; үшінші ақыл дариясы; төртінші хихмет дариясы; бесінші фақр /пақырлық/ дариясы; алтыншы мағрипат дариясы; жетінші мағфират дариясы. Һәзірет сілкініп еді, жүз жирма төрт мың /катра/ тамшы су мүбарак ағзаларынан тамды. Жәми /бүкіл/ пайғампарлар содан пайда болды. Үш жүз он үш катра су мүбарак басынан тамды. Үш жүз он үш пайғамбар мүрсал содан пайда болды. Екі катра /тамшы/ су мүбарак оң көзінен тамды. Тағдыр жазуын пайды қылды. Екі катра су мүбарак сол көзінен тамды. Әуелгі тамшыдан Аршыны пайда қылды. Бір тамшыдан Күрсіні пайды қылды. Және екі катра су оң құлағынан тамды.
Жәбрейіл, Мекайыл періштелер пайда болды. Және екі тамшы су сол құлағынан тамды. — Исрафил, Әзірейіл періштелер пайда болды. Және сегіз катра су мұрынынан ақты – сегіз пейіш пайда болды. Және жеті катра су /кахларынан/ тамды – жеті дозақ пайда болды. Екі катра су мүбарак жүзінен тамды. Одан ай мен күн жаратты, Бес катра су мүбарак қолдарынан ақты – әуелі судратул мүнатаханы, екінші туба ағашын жаратты. Үшінші һәуіз кәусарды, төртінші – Байтул Мұқадасты, бесінші — Адам Атаның аса таяғын жаратты. Асатаяқ Адам /с.ғ.с/ Шис набиуллаға, одан Муса пайғамбарға қалды. Одан барлық машайықтарға қалды. Және бес катра су мүбарак сол қолдарынан ақты. Әуел баб, сарсар /күшті суық жел/ пайда болды. Үшінші ради барқ пайда болды. Төртінші Сүлеймен пайғамбардың жүзігі пайда болды. Бесінші Сура Исрафил пайда болды. Және екі катра су мүбарак аузынан тамды – одан күндіз бен түнді жаратты. Және һазірет һақ Субхан аһу тағаладан аян келді. Айтты: «Ей, менің нұрым, ей, менің хабибім, ей, менің барғузидім, /сайланушы/ ей менің пендем! Сенің достық махаббатыңнан төрт нәрсе жараттым. Менің Құдайлығымды, сенің Пайғамбарлығыңды әуел ақырына /соңына/ мәшһүр қылайын деп. Пайымыңа жетті ме?» деді. Пайғамбарымыз айтты: «Ахад-о, Самад-о, пак-о, пәруардігер-о, Сен білесің» деді, Құдай тағаладан аян келді: «Ия, Мұһаммед, мен саған баяндайын. Әуелі – от. Екінші – жел. Үшінші – су. Төртінші – топырақ. Пайғамбар нұры Алланың пәрменімен желге барып сәлем берді. Жел Алланың құдыретімен тілге келіп: «Уағаллейкумуассалам» деді. Һазірет Нұры айтты: «Я, Жел сен кімсің?». Жел айтты: «Пенде рухпын». Һазірет Нұры айтты: «Сен дүниеде не іс жасайсың?». Жел: «Нені қаласам, соны жасаймын». Һазірет Нұры айтты: «Сен өз айыбыңды білесің бе?». Жел айтты: «Менің не айыбым бар?». Һазірет Нұр айтты: «Сен барлық адамды көресің, ал сені ешкім көрмейді». Жел сұрады: «Сонда айыпсыз сен бе?» Сонда Һазірет Нұры: «Ей жел, астапыралла де. Пенденің айыбы көп. Айыпсыз тек Алла ғана.». Осыдан кейін жел «Ашһаду анна ла илаһа иллаллаһ, уа ашһаду анна Муһаммадан абһуду уа расулуһу» деп дін Исламға мушарраф болды. /мойынұсынды/
Одан кейін Һазірет Нұры суға келді. Сәлем берді. Су да Алланың пәрменімен тілге келіп: «Алейкумсалам» деді. Һазірет Нұры айтты: «Ей, су, сен кімсің?» Су айтты: «Құдайдың пендесімін». «Дүниеде не жасайсың?» Су айтты: «Қандай мақсатым болса, соны жасаймын» деді. Һазірет Нұры: «Астапыралла де. Пенде өз мұратынша іс жасай алмас». Және айтты: «Ей, су, сен өзіңе қара, қандай айыбың бар?» су айтты: «Менің не айыбым бар?» Һазірет Нұры айтты: «Бар нәрсені пәк етерсің, бірақ өзің лас боласың» деп. Сонда су айтты: «Сонда айыпсыз сен бе?» Һазірет Нұры: «Астапыралла де, пенденің барлығы күнаһар, басынан аяғына дейін айыбы көп. Айыпсыз тек Алла ғана». Сонда су: «Ашһаду анна ла илаһа иллаллаһ, уа ашһаду анна Муһаммадан абһуду уа расулуһу» деп дін Исламға мушарраф болды. /мойынұсынды/
Одан кейін Мұһаммед Нұры отқа келді, сәлем берді. От Алланың пәрменімен хал тілінде сәлемін алды. Һазірет Нұры айтты: « Ей, От сен дүниеде не іс жасайсың?» От айтты: «Қандай істі мақсат етсем, соны жасаймын» деп. Һазірет Нұры айтты: « Пенде өз мұратынша іс қыла алмас, бар нәрсе Алладан. Сен өз айыбыңды білесің бе?». От айтты: «Менің не айыбым бар?» Һазірет Нұры: «Астапыралла де, пендеде айып көп.Айыпсыз тек Алла ғана». От та кәлима шаһадат айтып, дінге кірді.
Одан кейін топыраққа /жерге/ келді. Оған сәлем берді. Топырақ та хал тілінде «Уағалейкумуссалам» деді. Һазірет Нұры айтты: «Сен дүниеде не іс қыласың?» деді. Топырақ айтты: «Алла не бұйырса соны жасаймын» деді. Һазірет Нұры дереу топырақты құшты. Және айтты: «Әуелі-ақыры сені ықтияр етемін. Неге десең сенен тәкаппарлық көрмедім. Һазірет адамды жерден жаратса керек. Және /оны/ саған жіберер. Құдай тағала хабар берер, қаулуһу тағала». Әрбір адам осы төрт нәрседен /от, су, жел, топырақ/ алыс болмас. Біреуінің болмысы – от, біреудікі – су, біреудікі – жел, біреунікі – топырақ. Әр пенде де бар…».
Әне, «Нұрнама» солай дейді. Әзірет Әлінің «Жауһарлар тізбегінен» үзінді келтірейік.

115. Сөзіңді халқың үшін шейіт қылған,
Тіліңді ащы демеуге бейім тұрған.
Жан діліңмен Алланы танып білгін,
Жәннаттан жай алуға талап қылғын.

117. Алланы танитын жұрт беті жақсы,
Тағзым етер көңіл-күй ниеті жақсы.
Ілімнің іске асатын сазы жақсы,
Көп ғибадаттан ілімнің азы жақсы.

132. Аллаға жан жоқ шығар арыз айтпаған
Жалынса жан-ділімен құр қайтпаған,
Жүз рет «жоқ» десе де азғын кері қайтпаған,
Үмітінде шек жоқ оның шерін айтпаған.
Әзірет Әлінің «Хикметтерінен»:

Жазушы Әбдінағым Көшеровтың
«Ей, перзентім, біліп алғын!»
ғибратнама кітабынан үзінді

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *