Жаһандық бәсекеге қабілетті Қазақстан!

Қазіргі таңдағы қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру салаларына өзекті мәселе болып отыр.«ХХI ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХI ғасырға қалай дайындайды?» деген сауалдарға байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» — Жолдауын жариялады.

Болашақ, жастарымыздың қолында болатындықтан, сапалы бәсекеге сай келетін ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мұғалімге жүктелетін салмақты жауапкершілік. Халқының, ұлтының болашағына алаңдайтын әрбір азамат өзіне «Бәсекеге қабілетті ел қайдан пайда болады?» деген сұрақты қоя отырып, оның дұрыс шешімін қарастыра білуі қажет. Бәсекеге қабілетті ел, білікті мамандардың білімді азаматтарды тәрбиелеп шығаруынан пайда болары сөзсіз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы мемлекеттермен іс-тәжірибе алмаса отырып, білім саласына көптеген жаңашыл өзгерістер енгізуде. Сондай-ақ, іс-тәжірибе алмасу барысында ең маңызды элемент ол — көптілділік. «Қанша тіл меңгерсең, сонша елдің азаматысың — деген қанатты сөз, елімізде «Үш тұғырлы тіл» саясатын дамытуға себепші болып отыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың асқан көрегендігі мен алғыр саясатының арқасында аз ғана уақытта еліміз барлық салалар бойынша өзін бүкіл әлемге танытып, мойындатып отыр.Басты мәселе білім саласына өзгерістер енгізу қажеттілігі.Қазақстан Республикасының алдағы уақытта бүкіл әлем санасатын ең алдыңғы қатарлы мемлекет болып бой көтеруіне тікелей себепші ретінде, 2017 жылғы 31 қаңтарында жарияланған жолдаудың аса маңыздылығын сезіндіріп, насихаттау мақсатында Шымкент қаласы, 88 жалпы орта мектебінде жиналыс өткізілді.

Жарыссөзге шыққан ұстаздар жолдауда қарастырылған жоспарларды алдағы уақытта іске асыру мақсатында, жасалатын жұмыстары жайында өз ұсыныстарын білдіріп, жолдауды бірауыздан қолдайтындарын айтты.

Мектеп басшысы Маликова Алима Аманкелдіқызы өз сөзінде:

— Қазіргі бейбіт күнге жету үшін «бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып» көптеген қиын белестерді жеңіп, әлем мойындаған зайырлы мемлекет құрдық. Мемлекетті құру барысында елбасының халыққа жолдаған жолдаулары дұрыс бағытта жүргізілгендіктен, бүкіл әлемнің жанына батқан дағдарыстан да аман шығуына тікелей септігін тигізді.

— Бүгінгі жаңғырту білім саласына жаңашылдық пен оң өзгерістерге бағытталған нақты қадамдар белгіленді. Біздің басты міндетіміз, сын тұрғысынан ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше іздену дағдылары толық қалыптасқан, ертеңіміздің жарқын болашағына кепіл болатын тұлға тәрбиелеп шығару мәселесіне баса назар аударуымыз қажет. Сондай-ақ, ІТ білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға, қазақ тілінің басымдылығының сақталып, әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінді. Сондықтан да, жоғарыда аталған жоспарларды жүзеге асыру мақсатында, бірлесе әрекет етіп, оң нәтижеге жетейік, — деп қорытындылады.

Шымкент қаласындағы

88 жалпы орта мектеп ұжымы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *