Жаңабай АҒАБЕКОВ: Сөзбен емес, іспен  жүргім келеді

00320 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті Мәслихаттарын депутаттарын сайлау өткен болатын. Алтыншы шақырымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатына бес жыл мерзімге 50 депутат сайланды. Депутаттардың барлығы білімі жоғары, арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүше — корреспонденті, 2 ғылым кандидаты бар. Депутаттық корпустың орташа жасы 52,5. Ең жас депутат 30 жаста, ол Сайрам ауданындағы №31 сайлау округінен сайланған Мадияр Мұхтарұлы Оразәлиев. Жалғыз әйел депутат — Шымкент қаласындағы №9 сайлау округі тұрғындары лайықты деп таныған Рәшкүл Оспаналиева. Депутаттардың партиялық құрамына тоқталсақ, 48 депутат «НұрОтан» партиясының мүшесі болса, екеуі «Ақ жол» партиясынан ұсынылған. Айта кететін жайт, 37 депутат алдын да облыстық Мәслихаттың депутаты болып сайланған, олардың ішінде отыз төрті — V шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаттары. 

Халық қалаулыларының 38-і кәсіпкерлікпен айналысса, сегізі білім, денсаулық, спорт саласында қызмет етеді. Екеуі қоғамдық бірлестікті басқарады және бір депутат БАҚ басшысы. Оңтүстік өңірінде Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуын, облыстың дамуына бағытталған жоспарлар мен түрлі мемлекеттік, өзге де бағдарламалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында 24 наурызда өткен алтыншы шақырымдағы облыс Мәслихатының бірінші сессиясында бес тұрақты комиссия құрылды.

Олар:
— бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясы, төрағасы болып Әбілқасым Досболов;
— кәсіпкерлікті, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы, төрағасы Дәурен Ахметов;
— әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы, төрағасы Саттар Қуашбаев;
— аумақтардың дамуы және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы, төрағасы Серікжан Сейітжанов;
мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі комиссия, төрағасы Өмірзақ Мелдеханов.

Жаңа депутаттардың өз міндеттерін атқаруына кіріскеніне бір айдан асты. Арасын-да қатарынан екі, үш, төрт шақырылым жергілікті Мәслихаттарға депутаттар болып сайланып, тәжірибе жинақтаған азаматтар бар. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Сарыағаш ауданындағы №40 сайлау округінен облыс мәслихаты депутаты болып сайланған Жаңабай Ағабеков. 52 жастағы Жаңабай Молдабайұлы өткен шақырылымда өзін-өзі ұсынып, сайлаушылардың қолдауына ие болса, бұл жолы «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланған. Облыстық мәслихаттағы ауыл-аймақтардың дамуы және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі халықтың сенімін ақтауға тырысып бағуда. Тығыз жұмыс кестесінен уақыт тауып, сайлаушылармен кездесіп, көтерген мәселелерін шешуге ықпал жасау міндетім, деп біледі халық қалаулысы. Жақында ғана Абай ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында болған депутат, тұрғындарға берген уәдесін орындауға кірісіпті. Тозығы жеткен көше жолдарына тас төселіп тегістелуде. Бұл мәселені ауыл ақсақалдары аудан әкімінің халық алдындағы есебінде көтерген екен. Сол кездесуге қатысқан алтыншы шақырылымдағы облыс Мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков жолдарды жөндеп беруге сөз берген еді, уәдесінде тұрды. «Депутат болса, Жаңабайдай болсын», деп ризашылығын білдірді ауыл ақсақалдары.

Көше биі Перне Аюпов, көшелерімізге келешекте асфальт төселсе, жақсы болар еді, деп өтінішін жеткізді. Депутат Ынтымақ ауы-лынан бөлек, Жартытөбе ауылдық округіне қарасты елдімекендерді қосқанда барлығы 20-дан астам көшені тегістеп бермек. Абай ауылының іргесіндегі «Шығыс» шағынауданы тұрғындарының да депутатқа алғысы шексіз. Халық қалаулысының демеушілігінің арқасында былтыр осындағы негізгі көшеге тас төселіпті. Жаңа құрылыс болғандықтан, инфрақұрылымы жаңадан тартылған көше жолдары шұңқыр-шұңқыр, жауын жауса адамдар белшесінен лайға батып, әбігерге түсіп келген. Қазір жағдай мүлдем басқа, асфальт төселмесе де жол тегіс. Шағынаудандағы тұрғындардың дені жас отбасылары мүмкіндікті пайдаланып, дауыс берген депутаттарынан №110 мектепке барар жолға жаяу жүргіншілер жолын салып беру жөнінде өтініш жасады. Жаңабай Молдабайұлы бұл күрделілікті де өз есебінен шешіп беруге уәде етті. Сайлаушылардың бақытына, ол құрылыс саласында еңбек етеді, «ЕвроРемонтСервис» ЖШС-нің директоры. Құрылыс материалдары мен техника өзінен.

Депутат алдыңғы бесінші шақырылымдағы №42 сайлау округінің тұрғындарына берген уәдесін де ұмытпаған. Жүзімдік ауыл округіне қарасты 4 елдімекенде 4 мыңнан астам халық тұрады. Ауыл әкімі Оразалы Смаиловтың айтуынша, Жаңабай Ағабеков өткен шақырылымда сайлаушылар алдында жария еткен тұғырнамасын кезең-кезеңімен орындап жатыр. «Қазір ауылдарға табиғи газ тартылуда. Жүзімдік ауылдық округіне қарасты елді мекендерді газдандыруға жобалық-сметалық құжат әзірлеу, сараптамадан өткізуге, құрылысқа қаржы бөлуге ат салысқан осы Жаңабай ағамыз. 100 орындық «Балдырған» балабақшасын да салып берген депутат. Қазір ауылымызда 3 балабақшада 500 бала тәрбиеленуде, 100- ден астам қыз-келіншектеріміз жұмыспен қамтылды. Орталықтандырылған су жүйесімен әрбір отбасын қамту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Оның басында да депутатымыз жүр. Мектептің қазандығы жылу беру маусымында істен шыққанда да, қол ұшын берген осы ағамыз. Жалпы ауылда бүгінде 282 ұсақ шаруа қожалығы 4 өндіріс кооперативі егін және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік жеріміздің көлемі 5 мың 600 га құрайтын болғандықтан ағын су аса қажет. Ағын сулар ауылдың іргесіндегі Ащысай каналымен ағып келген су егін алқаптарын, ауладағы жасыл желек пен көкөністі суғарылады-дейді әкім.
Ағын су мәселесін бізден сұра деп әңгімеге төбе биі Жамал Ибрагимов араласты. Ағамыздың айтуынша, Кеңес Одағы тарқап кеткеннен кейін, ағын суға қатысты қиындықтар басталған. Оған дейін халық сорғышпен суын тартып, күнін көрді. Тоқырау кезеңінде электр энергиясы қымбаттап, халықтың төлеуге жағдайы келмеген соң, ата-бабаларымыздың тәсілімен ағын су қорын жасауға көштік. Өткен ғасырдың 90 жылдары асарлатып тоған жасадық. Алайда, тасқын болып, оны шайып кетті. Көктем келсе, айқай-шу басталады. Егін егесің, жазда ағын су жеткізе алмай, қуратып, шығынға батасың. Билікке мұңымызды айтып, талай мекеменің табалдырығын тоздырдық. Табандылығымыздың арқасы болар, әкімдік тарапынан 4,5 млн теңге бөлініп, шлюз салынды. Сөйтіп, пайдаланған ағын суымыз үшін салық та төледік. Ендігі мәселеміз арық болды. Кеңес кезеңінен қараусыз қалған каналдардың арнасы қоқысқа толып, жиегі бұзылып, пайдалануға жарамсыз болып қалды. Ауыл ақсақалдары болып, каналды жөндеп беріңдер деп әкімдердің есігін қайта қағуға мәжбүр болдық. Әйтеуір, әрекетіміз еш кетпеді. Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың халық алдында берген есебіне қатысқан депутат Жаңабай Ағабеков арық салып беремін деп уәдесін берді. Міне, өздеріңіз куә, құрылыс басталып кетті. Алдын бес шақырым жер деп белгіленген каналдың , кейін ұзындығы 15 шақырымды құрайтын бөлігі жөндеуді қажет ететіні анықталғанда, депутат сөз берген соң аяғына жеткізіп беремін деп отыр. Жаңабай ініміз өзі бұрынғы шақырылымдағы депутатымыз. Айтқан уәдесінің бәрін орындап келеді. Мұндай халық қалаулысынан айналасың. Ауылға дейін арық қазып, елдің сауабын алды. Одан бәріміз ұттық. Елдің батасын алған Жаңабай да жаман болмайды, жұмысы жемісті болсын деген тілектен басқа айтарымыз жоқ,- дейді ауыл ақсақалы.

Жүзімдіктер Ошақты ауылындағыдай шағын электр станасасы салынса, қол жетімді бағадағы электр энергиясы және ағын суға қарық боламыз деп отыр.
Депутат Мақташы ауылындағы апатты мектептің мәселесін шешуге ықпал еткен. Жаңа үлгідегі мектеп ғимаратын салу жөнінде тұрақты комиссиялардың отырысында, түрлі жиындарда мәселені көтерген халық қалаулысы 600 орындық мектептің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінуіне ат салысқан. Биылғы оқу жылында 614 оқушы дәріс алуда. №81 мектеп директорының міндетін атқарушы Әбіхалы Исабаевтың мәлімдеуінше, егерде Жаңабай ағамыз қолдау көрсетпегенде, мектептің құрылысы кейінге қалатын еді, — деді.
Оның іскерілігінің арқасында Мақташы мен осы төңіректегі 2 ауылдың балалары осында білім алуда. Мектепте кітапхана, спорт зал, асхана, информатика бөлмелері, оқу ұстаханасы да бар. Мұндай замануи мектепте менің 25 немерем оқитынына қуаныштымын,-дейді Сейіт Асанов. Ардагер ұстаз ескі мектепте балаларға математика пәнінен сабақ берген. Іргетасы өткен ғасырдың 30 жылдары қаланған мектепте сыныптар жетіспейтін, партада балалар үш-төрт адамнан отыратын. Қабырғалары сетінеп, төбесі құлап кетпес үшін тіректер қоятынбыз. Бұл кезеңді де еңсердік. Қазір арман еткен білім ордасында немерелеріміз білім нәрімен сусындауда. Депутаттар елдің арасында жиі болып, тыныс -тіршілігінен хабардар болса, алынбайтын қамал жоқ. Туындаған мәселелерді ақылдасып шешуге әбден болады, — дейді зейнеткер.
Қазығұрт ауданының тумасы Жаңабай Ағабеков осылайша көрші Сарыағаштағы ағайынның мәселелерін біртіндеп шешуде. Биыл үшем туған сарыағаштық отбасына жаңа баспананың кілтін табыс етуді ниет етіп отыр. Лайым, ізгі тілегі қабыл болсын. Бұл игі бастама жалғасатынына халық қалаулысы сенеді. Өйткені, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Депутат тұғырнамасында белгілеген күрделі тармақ ол ауыл шаруашылығы саласын көтеру. Жұмыста жүйелік болса, бұл бағытта жоспарланған жұмыстар жүзеге асатынына сенім мол. Екі шақырылым қатарынан депутаттық мандатқа ие болған Жаңабай Ағабеков үмітімізді ақтайды деп сенеді сайлаушылары.
1991 жылы отбасын құрып, жан жары Гүлфариза Насырқызы екеуі 7 перзент тәрбиелеп отырған Жаңабай Молдабайұлы экономикамызды нығайту арқылы біз халықтың жоғарғы өмір сүру деңгейін қалыптастырып, әділетсіздікті жеңе аламыз, деп сенеді.

Шынар ОРАЗОВА

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *