Жаңа жылды жаңа пәтерінде қарсы алды

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласының Қ. Төлеметов көшесінде екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұнда пәтер алу кезегінде тұрған азаматтарға 96 жаңа пәтердің кілті табысталды.

7 қабатты қос зәулім тұрғын үйдің құрылысын «Отау Строй» компаниясы жүргізген. Негізгі тапсырыс беруші — «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы. Мұндағы тұрғын үйлердің әр шаршы метрі үшін жылдық төлем 900 теңгеден аспайды. 20 жыл мерзім аяқталғанда пәтерлер азаматтардың меншігіне айналады. Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды.

Көптеген отбасылар пәтер алу үшін жылдар бойы ақша жинайды немес ұзын сонар кезекке тұрады. Баспана басты мәселе болып тұрған бүгінгі заманда алғашқылардың бірі болып пәтер кілтін алған Нарқыз Исақованың қуанышында шек жоқ. Жылдар бойы пәтерден-пәтерге көшіп баспана тауқыметін тартқан ол екі бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Қазіргі таңда облыстық опера және балет театрының хор әртісі болып қызмет етеді. Нарқыз үй алу кезегінде 2 жыл тұрған.

Нарқыз Исақова, жаңа пәтер иесі
— Кезекке тұру үшін документ жинау аса қиындық туғызбады. Жаңа баспанама әлі көшпедім. Жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алсам ба деген ойым бар. Екі баланың анасымын. Баспанамды барып көрдім. Сапасы-на көңілім толды. Бұрын айына 30 мың теңге төлеп пәтер жалдап тұратынмын. Енді пәтер төлемін 41000-45000 аралығында төлеймін. Есесіне үй өзімдікі. Баспана кезегінде тұрған адамдарға үміттерін үзбей сабырмен күтсе бәрі жақсы болатынын айтқым келеді.

 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *