Жаңа индустриялық нысандар бой көтеруде

Индустрияландыру бағдар-ламасы аясында Түркістан мен Кентау қалаларында жаңа 15 нысан іске қосылады. Бұл жайында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов аталған аймақтардағы индустриялық аймақтарға жасаған сапары барысында айтты.

 

Жаңа индустриялық нысандар бой көтеруде

Өңір басшысы Түркістан қаласындағы индустриялық аймаққа ат басын бұрып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұған дейін бірнеше рет сынға іліккен нысан жұмысын тексерген Бейбіт Бәкірұлы оған оң баға беріп отыр. Жалпы аумағы 40 гектарды құрайтын аймақта барлығы 8 кәсіпорын бой көтереді. Жыл соңына дейін олардың екеуінің құрылысы аяқталса, тағы үшеуінің іргетасы қаланады.

Жаңа индустриялық нысандар бой көтеруде

Мұнан кейін Б.Бәкірұлы Кентаудағы индустриялық аймақта болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жалпы аумағы 25 гектарды құрайтын нысанда 7 жоба жүзеге асырылады. Олардың үшеуі қаладағы трансформатор зауытына қажетті қосалқы бөлшектерді шығарумен айналыспақ. Жобаларды іске асыру үшін барлығы 2 млрд 127 млн теңге инвестиция тартылады және 165 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, индустриялық аймақ қажетті инфрақұрылымның барлығымен қамтылады.

Сапар соңында өңір басшысы аталған индустриялық аймақтарды жаңа кәсіпорындармен толықтыру үшін Түркістан мен Кентау әкімдеріне инвесторлар тартуды тапсырды.

Айнұр Ақбаева

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *