Жаңа бастамалар мұғалімді шығармашылыққа жетелейді

Ақпан айының 23 жұлдызында Шымкент қаласы білім бөлімінің ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №58 жалпы орта мектебінде «Оқушының математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шығару дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағыттау» тақырыбында семинар болып өтті. Мектеп директоры Б.Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, семинарды ашты. Ол өз сөзінде мектеп ұжымының қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Сөз соңы көңілді концертке ұласты. Мектеп оқушыларынан құралған «Үкілім-ай» оркестрінің орныдаушылары күмбірлеген күй орындаса, «Көркем» би тобы мың бұралған билерімен тамсандырды. Ал мектебіміздің талантты жас әншілері әуезді әндерді әуелете шырқап, семинарға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Семинарда ҚББ-нің математика пәнінің әдіскері – Нарбаева Роза Әкімқызы жаңа формат бойынша нормативтік құжаттарды мұғалімдерге егжей-тегжейлі толық таныстырып, талдады.
Математика пәні бойынша шығармашылық топтың бастамасымен жаңа форматқа енгізілген логикалық есептер мұғалімдер арасында нақты талқыланды.

№58 жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімдері Жұмабаева З, Жаппарова Н, Райымбекова Қ, Тұлғабаева Ж, Зұлпыхарова К «Математикалық сауаттылық және пәнді терең білу, кең ауқымды дағдылануға арналған тапсырмалармен жұмыс» тақырыбында есептерді нақты талқылап, іс жүзінде көрсете білді.
«ҰБТ-дағы жаңа формат бойынша оқушылардың сауаттылығын арттырудың жолдары» аясындағы пікір алмасу сәтті ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда, бұл семинардың мұғалімдерге берері мол болды. Оқушылардың шығармашылық қабілеті шыңдала түсуі үшін логикалық тапсырмалардың маңыздылығы жоғары. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке, өз бетінше іздене білуге, икемділікке дағдылануға баулиды. Қазіргі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігіне білім беру жүйесінің заман талабына сай дамуы әрі сапалы болуы да үлкен әсерін тигізетіні анық.

Мұғалімдер әдіс алмасуда әрбір сабақ берген пән мұғалімдерінен жинақталған озық тәжірибені толықтай ұғынып, өздеріне қажетті тың деректер мен мағлұматтарды ала білді. Бұл семинардың жоғары деңгейде өтілуіне мектеп директоры Алтаев Б, мектеп басшысының орынбасарлары Бегімбетова Р, Ахбаева Д, Мамырова Қ, Сариева Г, А. Урисовтардың қосқан үлестері зор.

Бегімбетова Раушан Мақсұтқызы
№58 жалпы орта мектептің директордың
оқу -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *