Жөндеу жұмыстары жалғасуда

Күні кеше мектеп бітірушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы өз мәресіне жетіп, түлектер қолдарына аттестат алғаны белгілі.

Жөндеу жұмыстары жалғасуда Бүгінде олар жаңа өмір, яғни, студенттік шаққа қадам басқалы отыр. Жә, түлектердің қай оқу орнына құжат тапсыратыны, жалпы сұранысқа ие мамандықтар туралы әңгіме бөлек. Бұл тақырыпқа газетіміздің алдағы сандарында тоқталатын боламыз. Бүгінгі материалда түлеп ұшқан түлектердің білім ұялары туралы қозғамақпыз. Оқушыларды жазғы демалысқа шығарып салысымен елдегі барлық мектептерде жаңа оқу жылына дайындық шаралары басталып кетеді. Бірінде ағымдағы, келесі бірінде күрделі жөндеу жұмыстары түзілген. Оған қазынадан қомақты қаржы қаралған да болатын. Дәл қазіргі таңда мектептерде жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Себебі 1 қыркүйекке барлық нысан сақадай-сай тұруы тиіс.

022

Альбина Елшиева, ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқарма-сының басшысы:

– Биыл 95 білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Оған тиісті қаржы аударылып, жұмыстар басталып кетті. Нақтырақ айтқанда, 95 нысанның 33-інің жөндеу жұмысына облыстық қазынадан 2873212 мың теңге бөлінді. Ал республикалық бюджеттен бөлінген 1484337 мың теңгеге 17 нысан күрделі жөндеуден өтеді. Жергілікті бюджет есебіне 45 ғимарат жөнделеді. Оған 2364254 мың теңге қаралды.

Жансая Тәуекелқызы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *