Жұмыс іздеп жүрсеңіз…

Облыста биылғы жылдың алты айында 17 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған. Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес биыл жалпы 5,518 млрд теңге бөлініп, жоспарға сәйкес 40,7 мың адам қамтылатын болады.

Жұмыспен қамту жол картасыОсы жылдың 1 шілдесіне 22077 азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде өздігінен жұмыспен қамтылғандар – 7136, жұмыссыздар – 14941, аз қамтамасыз етілгендер – 1687.Сондай-ақ, бағдарламаның екінші бағыты бойынша 513 азаматқа 1332,008 млнтеңге шағын несие берілді. Қосымша 325 жаңа жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды. Кәсіпкерлік негізінде 2,187 млн теңге игеріліп, онда 108 адам оқытылды. Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 13450 қатысушыға жұмысқа орналасуға жәрдем берілді. Бүгінгі таңға 886 адам кәсіби оқуды аяқтап, оның 787-сі тұрақты жұмыспен қамтылса, жастар практикасы аясында 1100 жас-тар жұмысқа орналасты. Ал, 5246 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілген.

Марат Абилхайыров, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы:

– Жақында Шымкентте өткен бос жұмыс орындарына байланысты жәрмеңкеде 173 кәсіпорындар мен мекемелер, жұмыс берушілер қатысып, 1148 бос жұмыс орындары ұсынды. Нәтижесінде, денсаулық, құрылыс, өнеркәсіп, мәдениет, білім және түрлі қызмет көрсету бойынша жолдама алған 439 адамның 208-і жұмысқа орналасты. Айта кетерлігі, орталыққа негізінен медбике, дантис, фельдшер, бастауыш сынып мұғалімі секілді мамандықтарға сұраныс көптеп түсіп жатыр.

Сондай-ақ, жұмыс берушілер орталық арқылы өздеріне қажетті мамандарға сұраныс беруілеріне мүмкіндіктері бар. Орталық жұмыс берушілерге қажетті мамандарды тауып берумен қатар жалақысының 35 пайызын төлеп отыратын болады. Сонымен қатар, орталық арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтар да тұрақты жұмысқа орналасып, өздері қалаған ісімен айналысып отыр. Бос жұмыс орындарына жәрмеңкені тағыда қыркүйекте өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, жұмыс істеуге деген қызығушылығы бар адамдар қатары күннен күнге көбейіп келеді.

 

Жұмыс іздеп жүрсеңіз...Әлеуметтік ахуалды жақсартуға байланысты байыпты бағдарламалар жүзеге асырылып жатса да, тұрғындар арасында өзін-өзі жұмыспен қамтып, күнкөрісін жақсартып отырғандар да табылады. Дейтұрғанмен, бүгінгі жағдайы жақсы болғанымен ертеңгі күні қалай болары белгісіз ғой. Айтпағымыз, жыл сайын жаңалық еніп отыратын зейнетақы төлеу жүйесіндегі биылғы өзгеріс жайлы болмақ. Бұрын-соңды зейнет жасына жеткен кез келген адам өзіне тиесілі зейнетақысын алып отыра беретін. Енді зейнет жасына емес, жұмыс өтіліне байланысты зейнетақы төленетін болды. Демек, жұмыс істегендер ғана зейнетақыға қол жеткізеді.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *