Жүргізуші куәлігін беру ережесі өзгерді

135416446831_voditelskoe-udostoverenie
ҚР Ішкі істер министрлігі 2016 жылдың 12 сәуіріндегі бұйрығымен жүргізуші куәлігін беру мен емтихан тапсыру ережелеріне өзгерістер енгізді.

Оған сәйкес, «Жол қозғалысы» туралы заңның 74 бабында бекітілген жасқа жеткен тұлғалар емтихан тапсыруға жіберіледі. Бұл заң аясында көлік жүргізу құқығы мына азаматтарға беріледі:

— «AI» санат ішіндегі көлік құралдары — 16 жасқа толған тұлғаларға;
— «А», «В» санатына және «B1», «C1» санат ішіндегілеріне жататын көлік құралдары -18 жасқа толған тұлғаларға;
— «С» санатына және «D1» санат ішіндегісіне жататын көлік құралдары — жиырма жасқа толған, кемінде үш жыл көлік жүргізуші ретінде қызмет еткен және «С1» санатындағы көліктерді жүргізуде кемінде бір жылдық тәжірибесі бар тұлғаларға;
— «D», «Тm» және «Tb» санатындағы көлік құралдары — жиырма жасқа толған, кемінде бес жыл көлік жүргізуші ретінде қызмет еткен, «D1» санатындағы көліктерді жүргізуде кемінде үш жылдық тәжірибесі бар тұлғаларға;
— «BE», «СЕ», «DE» санатындағы көлік құралдары құрамы — кемінде он екі айға «В», «С» немесе «D» санатындағы көліктерді басқару құқына ие тұлғалар;
— «С1E», «D1E» санат ішіндегі көлік құралдары құрамы — кемінде он екі айға, сәйкесінше «С», «D» санатындағы немесе «C1», «D1» санат ішіндегі көліктерді басқару құқына ие тұлғалар;
№ 083/у формасындағы медициналық анықтаманы, көлік жүргізушілерін дайындауға арналған оқу ұйымдарынан алынған курсты аяқтау туралы куәлікті әкелу керек.
Осы орайда, курсты аяқтау туралы куәліктерді «А», «В» санатындағы және «A1», «B1» санат ішіндегі көлік құралдарын басқару үшін өздігінен дайындалған тұлғалар әкелмесе де болады.
«А», «В» санатындағы және «A1», «B1» санат ішіндегі көлік құралдарын басқару үшін өздігінен дайындалған тұлғалар Мемлекеттік корпорациядағы құзырлы мекемелерде емтихан тапсырады.

Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және мемлекеттік немесе орыс тілін білмейтін өзге тұлғалар теориялық емтиханды білікті аудармашылардың көзінше тапсырады. Аудармашыларға қатысты мәліметтер емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *