Жүкті әйелдерге тұмаурату қауіпті

14 беременТұмауды жеңіл аурулардың қатарына жат­қы­зуға болмайтындығын уақыт көрсетуде. Елімізде өткір респираторлы-вирусты ауру­­ларға эпидемия жариялануда. Жеңіл дерт деп қарайтын тұмаудан көз жұму оқи­ғалары тіркелуде. Өңірі­міздің өзінде қауіпті саналатын доңыз тұмауымен ауырғандар саны 37-ге жуық­тады. Аурудың ушығуына күннің жылып кетуі де әсер етіп отыр. Тұмау иммун жүйе­сі әлсіз адамдарды айнал­шық­тайтыны бар десек, әлсіз топқа — балалар, қарт­­тар мен жүкті әйелдер жатады екен. Енде­ше, тұмаудың қалай алдын алуға бола­тын­ды­ғын зерделеп көрелік. 

Тұмаудың қатері
Ауа тамшылары арқылы жұғатын тұмаудың өзге ауру­лар­дан өзгешелігі тез таралады. Тұмауратқан адам 12-48 сағаттың ішінде-ақ вирусты отбасындағы, жұмыстағы және айналасындағы адам­дарға жұқтырып үлгереді. Ауру қалай басталады? Алдымен жоғарғы тыныс жолдарына түскен вирус жасушалардың қабықшаларын зақымдап, ішіне енеді. Сосын ,жасу­ша­лардың ішінде вирус тез көбейеді. Бір тәуліктің ішінде ондаған триллион вирус бөлшектері пайда болады. Осы кезде мұрын бітеліп, тамақ жыбырлайды. Вирус жасушалардан шыққан соң, қанға өтеді де, бүкіл ағзаға таралады. Қан тамырларымен бойлай жүріп ішкі ағза мен ми, өкпені зақымдайды. Науқас түшкіргенде және жөтелгенде вирус сілекей, түкірік арқылы бөлінеді.

14 асабаева лазат

Ләззат Асабаева, №5 қала­лық емхананың инфекцио­нист дәрігері

Балалар мен қарттарға үйір
Адам науқастанғанын тыныс алу жолдары жыбырлап, мұрын бітелгенде ғана «мой­ындап» ем-дом қабылдауды бастайды. Бұл кезде тамақ құрғайды, адам әлсіреп, буын мен бұлшықеттер ауырады. Басы айналып, түнгі ұйқысы бұзылады. Дене қызуы 39-дан 40 градусқа дейін көтеріледі. Көпшілік тұмау­ды жеңіл-желпі дерт деп қарап, дәрігерге қаралып, ем алуға асықпайды. Алайда, ста­тис­тикалық мәліметтерде тұмаудың асқы­нуынан 75% өлім-жітім тіркеледі екен. Тұмау көбінесе өкпені қабын­дырады. Отит, мио­кар­дит, энцефалит секілді аурулар­ды да қоздыратын осы ауру. Демік­пе, бронхит, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінде кеселі бар нау­қастар тұмаудан барынша сақтануы тиіс. Өйткені, дерттің вирусы аталған ауруларды тез асқындырады.
— Биыл қыс мезгілі жылы болғандықтан, дерттің ас­қыну­ы бай­қалады. Ауа райы­­­ның бір жылып, бір салқын­дау­ы­­­нан тұр­ғындар жеңіл киініп, өздері де ауру­­дың өр­шуіне «мүм­кіндік жасайды». Өткір рес­пираторлы-вирус­­ты ауру­ға ұшы­рай­тындар ара­сында балалар мен егде жас­тағылар көп болады. Им­мун жүйесінің әлсіздігінен олар­дың ағзасы дертпен күресуде дәрменсіз. Сон­­дықтан, имму­нитетті көтерудің барлық шарасын қарас­тырып жүрген артық болмайды, — дейді №5 қала­лық емхананың инфекцио­нист дәрігері Ләззат Асабаева.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлі­метінше, 1-14 жас аралы­ғын­дағы балалар егде адам­­дарға қарағанда 4 есе жиі ауырады екен. Жабық ғима­рат ішінде тұмауратқан адам­ның вирусы 7 метрге дейін жайылатындығы анықталған. Сондай-ақ, ол жердегі вирус 2-9 сағатқа дейін сақталады. Олай болса, тұмау­дың эпи­демиялық уақытында әрбір адам аурудың алдын алу шараларын қатаң ұстануы тиіс. Айтпақшы, өткір респираторлы-вирусты дертке тез шалдығатындардың қатарында — жүкті әйелдер де бар. Тұмау — екіқабат әйелдің өмірі үшін қауіпті кесел. Өзіне де, жатырдағы баласының өміріне де қауіп төндіреді.
Іштегі балаға әсері
Жүктілік кезінде әйелдің ағзасында өзгеріс­тер көп болады. Мысалы, жүкті әйелдің жүрек-қан тамыр жолдарының жұмысы екі есеге артады. Қан айналымы күшейеді. Бұрын қан тамырларында 4000 мл қан айналса, жүк­тілік кезінде ол 5300-5500 мл-ға дейін ұлғаяды. Іштегі баланың дұрыс дамып-жетілуі үшін оған қажетті оттегі және өзге де қажетті зат­тар­­мен қамтамасыз ету уақыт­пен шектелмеуі керек. Себебі, жүкті әйел­­­дердің ағзасы әлсіре­гендіктен, сырт­тағы вирус­ты жұқтыруға бейім келеді.
14 грип— Тұмаудың қауіп­тілігі екі­қабат әйелдің жүк­тілік мер­зімімен тікелей байланысты. Жүк­ті­ліктің алғашқы үш ай­лығында (12 аптада) — іштегі баланың мүшелері даму үстінде бола­ды. Осы кезде әйел вирусты жұқтырса, бала ақаумен туылуы мүмкін. Не болмаса шарана іште жатып семіп қалады.
Егер ол ауырғанда дер кезінде дәрігерге тексеріліп, ем алса қауіп сейіледі. Өкініш­тісі, жүкті әйелдер тұмау өршіп, дене қызуы көтерілгенде ғана көмекке жүгінеді. Жүктіліктің 12 аптасында тұмаудан барынша сақтанған дұрыс. 4 айдан бастап іштегі баланың жолдасы толық қалып­тасып, сырттан келе­тін қатер­лі инфек­­ция­лардан қорғануға дай­ын бола бас­тай­ды. Бірақ, ананың ағзасында созылмалы аурулары қозып, түсік тастау жағдайы жиі кез­деседі. Бір айта кетерлігі, жүктіліктің 2-3 ай­лығында инфекциялар баланың ми жүйе­сінің қалыптасуына тез әсер етіп, оны тежеуі де мүмкін. Менингит секілді аурулар осы мез­гілде бала­ның бойында пай­да болатыны талай рет дәлел­денген.
— Әйел босануға 2-3 апта қалғанда тұмау­ратса да, бала әлсіз болып туылады. Мұндайда балаға оттегі жетіспейді де, «гипоксияға» шал­­дығады. Бұл да баланың өміріне қатер төн­діреді де­ген сөз. Мұндайда дәрі­­герлер сәбиді жасанды от­те­гімен тыныс алу тера­пия­сынан өткізеді, — дейді акушер-гинеколог Гуля Кеңесқызы.

14 даригер и беременная

Гуля Альмаханова, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ емханасының меңгеру­шісі, акушер-гинекологы

Гуля Альмаханова, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ емханасының меңгеру­шісі, акушер-гинекологы:
— Қазіргі таңда ем­ха­на­да 800-ге жуық жүкті әйелдер тізімде тұр. Тұмаудың асқыну мез­гілінде учаскелік дәрі­герлер жүкті әйелдерді жіті қадағалап, про­фи­лактикалық шараларды орындауын бақылайды. Бірақ, берілген кеңестерді орындауға келгенде, көбі оған құлақ аса бермейтіні өкінішті. Тұмаудың алғашқы белгісі байқалысымен, дәрігерге жедел хабарласуын сұранып жатырмыз.
Жүкті әйелдер өз ден­саулықтарына ыжда­һат­ты­лықпен қарап, ауырмауға әре­кет жасаса дейміз. Түшкіріп, тамағы жыбырлап белгі бере бастағаннан, емхана мамандарына хабарлассын. Көпшілік ортада ұзақ уақыт жүрмеуі керек. Ауырмаса да, көшеге шыққанда бетперде пайдалансын. «Оксолин» жақпамайын жағып жүрсін. Жүкті әйелдер баланың сау болып туылуына өзі күш салғаны дұрыс.

Карантин қалай жарияланады?
Жіті респираторлы вирусты аурулар, тұмау және доңыз тұмауы, «Зика» вирусы секілді аурулар көптеген мемлекеттерде эпидемиялық жағдайды өршітуде. Доңыз тұмауына қарсы елімізде карантин жарияланып, ауруды құрық­таудың түрлі шаралары қарастырылуда. Жалпы, карантин дегеніміз не? Оны қай кезде жариялайды?
Карантин – ауру ошағын оңашалап, ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шара. Бұл кезде қырық күнге дейін уақытша тыйым салынып, аурудың жан-жаққа таралмауы қам­тамасыз етіледі. Карантиндік шаралар халық­аралық медициналық-санитарлық ережелерге сай жүргізіледі. Бұл кезде мемлекет шекараны жауып, басқа елдермен байланыс жасауға тыйым салады. Медициналық-сани­тарлық шара кезінде барлық жолаушылар ден­­саулығы туралы анықтама ала­ды. Тасымал­данатын жабдықтар, жүктер тексеріліп, залал­сыздандырылады. Ауырған адам және онымен қарым-қатынасқа түскендер дәрігерлік тексе­руден өтеді. Диагноз анықталғанша науқас оқшауланады.

Шымкент қалалық  жұқпалы аурулар ауруханасы:

49-00-77

Дайындаған — Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

1 пікір

  1. Сəлеметсізбе. Мен жүктілікгіме 1 жарым ай болды. Грипп боп қалдым. мурыным бітеліп, су ағады. не істесем болады?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *