Заңды сақтау шетел азаматтарына да міндет

920bcc00b6c2db0431da82c9615cdeddАбай ауданы прокуратурасымен көші-қон заңнамаларының сақталуына тексеру жүргізіліп, бірқатар шетел азаматтарымен еңбек қызметі жергілікті уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылып, заң талаптары бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы аумағына Өзбекстан Республикасының азаматы 1979 жылы туған Шерзод Кабулов 2016 жылдың 30 наурызында жеке мақсатпен келген. Көші-қон заңнамаларына сай шетел азаматының еңбек қызметін жүзеге асыруы жергілікті уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
Аталған заңнама талаптарын бұза отырып, 03.05.2016ж. Ш.Кабулов Өзбекстан Республикасының басқа үш азаматымен жергілікті уәкілетті органның рұқсатынсыз Шымкент қаласы, Гагарин көшесінің бойында орналасқан құрылыс заттары сатылатын дүкенде құрылыс жұмыстарын жүзеге асырған.
Осы Заң талаптары Өзбекстан Республикасының азаматтары Д.Набижанов, К.Тожирахимов және Т.Хамдамовтар тарапынан да сақталмаған.
Аталған азаматтарға қатысты аудан прокуратурасымен ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалып, Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 12.05.2016ж. қаулыларымен олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Д.Бекембаев, Абай ауданы прокуратурасының
аға прокуроры

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *