Заң талаптарын бұзса, жауап береді

920bcc00b6c2db0431da82c9615cdeddҚұрметті қала тұрғындары, Сіздерді Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарымен таныстырып кетуді жөн көріп отырмын.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, елдi мекендердiң, көшелердiң, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуі тиiс.
Мемлекеттiк ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде берiледi. Бiрлескен, шетелдiк ұйымдардың атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде транслитерация арқылы берiледi деп көрсетілген.
Сонымен қатар, аталған Заңның 10 бабының талаптарына сай, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi деп белгіленген.
Сондай ақ, осы Заңның 11 бабында көрсетілгендей мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.
Қазақстан Республикасы тіл туралы Заңдарының талаптарын бұзу қолданыстағы заңнамалармен белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын назарларынызға саламын.

Д. Оразбаев, Еңбекші ауданы
прокуратурасының прокуроры

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *