Ырыққа көнбеген «көк қағаз»

Қазақстан қор биржасындағы 5 қарашадағы таңертеңгілік сауда қорытындысына сәйкес, орташа сараланған бағам долларына 298,92 теңгеге жеткен болатын. Осылайша кешкілік саудамен салыстырғанда сәрсенбіде доллар бірден 11 теңгеге қымбаттады.

Ырыққа көнбеген «көк қағаз»Сол күні валюта айырбастау пункттері доллар бағамын 301 теңгеге дейін көтерген болатын. Айтулы мәселеге байланысты Ұлттық банктің жаңа төрағасы түк болмағандай кейіп танытып отырған сыңайлы.

Сенбі күні еліміздегі айырбас орындары долларды 314 теңгеден сатқан. Ал сатып алу бағасы – 312 теңгеге жеткен. Астанада сату – 313,5 теңге, сатып алу – 311 теңгені құраған. «Қазкоммерцбанк» болса, долларды 311,5 теңгеден алып, 309,5 теңгеден сатуда. Ал «Ұлттық банк» пен «Сбербанк» сәйкесінше 312 теңге және 310 теңге еткен. Еске салсақ, жақында теңгенің долларға шаққандағы орташа сараланған бағамы Қазақстан қор биржасындағы саудадан кейін долларына 307,53 теңгеге жетті. Ал, 9 қараша күнгі қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 312,65 теңгені құрады.

Қарашаның 10-да «көк қағаз» 307 теңгеден сатылды. Экономист Мақсат Серәлінің топшалауынша доллар бағамы алдағы уақытта 400-ге жетуі мүмкін. «Доллар қаншаға жетіп, тоқтайтындығын нақты айтуға болмайтын шығар. Өйткені, процесс басталды және жүріп жатыр. Доллар бағамы тұрақтау үшін мұнайдың бағасы белгіленген деңгейге келіп тоқтауы керек. Доллардың теңгеге шаққан бағамы 350-360 теңгеден басталып, 400 теңгеге де жетуі мүмкін», — деді ол.

Сондай-ақ, шарықтап кеткен доллар курсы қымбатшылықпен қатар бюджетті қайта қарауға алып келмек.

“Үкіметте ол жұмысты өткізіп жатырмыз. Бірақ, енді Ұлттық банктің қандай 2016-2018 жылға не болатыны, сол кіргеннен кейін, сол өзгерістермен Парламентке келеміз”, – дейді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *