«Хизб-ут-Тахрир» партиясы – хақ діннің дұшпаны

Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы Орталық Азия елдері мен Қазақстан егемендігін алғаннан кейін Хизб-ут Тахрир ұйымы өз белсенділігін жүргізе бастағаны белгілі. Елдердің мемлекет басқарудағы тәжірибесінің аздығы, заңдарының осал жақтары бұл ұйымы оңтайлы жағдай туғызды.

«Хизб-ут-Тахрир» партиясы – хақ діннің дұшпаны

Сурет islam-today.ru сайтына алынды

Бұл партияның көздеген басты мақсаты – мұсылмандар арасында идеологиялық жұмысты жан-жақты жандандыру арқылы мұсылман үмметінің, қажет десе өзге діннің жақтастарының сана-сезіміне төңкеріс жасау және сол арқылы саяси билікке қол жеткізу.

«Хизб-ут-Тахрирдің» толық аты – «Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами», ал оның мағынасы «исламның азаттық партиясы» дегенді білдіреді. «Хизб-ут- Тахрир» партиясының негізін 1953 жылы Палестинада заңгер Тақиуддин Набахани (1909-1977) қалаған. Бұл партия алғашында араб елдерінде, кейін басқа да мұсылман елдерінде, содан кейін Еуропада өзінің бөлімшелерін ашып, халықаралық ұйым деген атқа ие болды. Әрбір мұсылман мынаны ойлауы керек: «Осы «Хизб-ут-Тахрир»-дің алға қойған мақсаты мен мүддесі ислам дініне сай келе ме, жоқ па?».

Бұл өте күрделі мәселе және әрбір мұсылман баласынан жоғарыда аталған партияның жұмысына осы тұрғыдан баға беруді талап етеді. «Хизб-ут-Тахрир» партиясының үйрететін қағидасы және саяси түсіндірмелері исламға сай болып бет перде қылып көрсетеді, бірінші оқыған адам оның әрбір сөзі құран мен хадиске сүйене отырып, исламға шақыру және шариғат үкімдеріне бой ұсынуға шақыратын сияқты. «Хизб-ут-Тахрир» мүшелері өздерінің жақтастарына немесе басқа мұсылмандарына «Хизб-ут- Тахрир» дегеніміз Ислам, ал ислам дегеніміз – «Хизб-ут-Тахрир», – деп бұл партияның мақсатын шама шарқынша исламға сүйеніп түсіндіруге тырысатыны соншама, «Хизб-ут-Тахрир» партиясының негізін қалаған басшылары өздерінің кітаптарында ислам дінінің негізгі мәселелерін, әсіресе Құран аяттарын, пайғамбарымыз хадистерін өздерінің қалауынша түсінік-мағына беріп, Ислам дінінің адамгершіліктің, мәдениеттіліктің, бірлік пен ынтымақтың, ағайыншылық пен достықтың діні  екеніне қарамастан,  бұл дінді келіспеушілік пен қарама-қарсылық, басқа ағымдарды жоққа шығарып тастайтын дін ретінде көрсеткісі келеді. Сондықтан да «Хизб-ут-Тахрир» партиясының бұл іс-әрекеттері ислам үшін ең қауіпті болып есептеледі. Оған мысал:

1. “Хизб-ут-Тахрир” партиясының көзқарасы бойынша Ислам дінінде басшыларды сайлау деген болмау керек, яғни демократияға қарсы.

2. “Хизб-ут-Тахрир” партиясының көзқарасы бойынша ислам ешқандай бостандықты, әсіресе жеке бастың бостандығын мойындамайды.

3. “Хизб-ут-Тахрир” партиясының түсінігі бойынша Ислам басқа діндегі адамдар мен өзгерістерді, әр түрлі мәдени іс- әрекеттерді жоққа шығарады, мұсылман адам басқа адамдардың түсінігімен ешқандай байланысы болмауы керек екендігін айтады.

Бірақ, біздер Ислам дінінен, ислам тарихынан білеміз, Ислам діні әрқашан да тыныштықты, достықты, басқа діндегілермен жақсы қарым-қатынаста болуды, ұлтаралық қатынастарымызды жақсы қылуымызды бұйырған. Ал, бұларды біз қайда қоямыз?

Заңсыз насихаттары Хизб-ут-Тахрир құрылымының да бағытын айқындады: ол барынша жұмылдырылған, бұл олардың құрып кету қаупін төмендетеді. Шетелдік эмиссарлар дайындаған «Әкімшілік заң» деп аталатын жарғыда экстремистік ұйымның мақсаттары, тәсілдері, бағдарламасы мен құрылымы толығымен жазылған. Төменгі құрылым – халка, немесе дағира (үйірме) оған бес-жеті адам кіреді. Үйірмеге қатысушы (дарис) өзінің жетекшісін (мушриф) және үйірменің басқа мүшелерін таниды. Мұнда ол әдебиеттерді және партияның баспа сөздерін оқып, дайындықтан өтеді. Содан кейін оны «Хизб-ут-Тахрир» партиясының мүшелігіне қабылдайды, «ағарту» жоралғысы Құрандағы антты өзіне қосып алады. Анттың мәтіні былай: «Алланың атымен исламның адал және шынайы қорғаушысы болуға, осы «Хизб-ут-тахрир» партиясының идеялары мен міндеттерін орындауға ант етемін. Және мен осы партияда болған кезде оның мақсаттарының орындалуы үшін барлық күшімді саламын. Және өз сөзіме Ұлы Алланы куәлік етемін».

Аталмыш міндеттен бөлек «Хизб-ут-Тахрир» партиясының ісіне адал болуға ант беру «ашық жихадқа» итермелейді (яғни «кәпірлерге» қарсы әскери қимыл). Ол жарияланған сәттен бастап қатысуға уәде беруден тұрады, бұл құқық қорғаушы органдарға ХТИ-ді діни-саяси экстремистік ұйым ретінде тануға қосымша негіздеме береді.

Әрекет негізін Халифат исламдық мемлекетін құруға шақырумен үнпарақтарды тарату құрайды, сонымен қатар кәпірлерге қарсы джихадқа шығуға бірігуге шақырады. Хизб-ут-Тахрир Таблиғ Жамағаттан кейін исламдық фундаментализмді ендірудің екінші легі болып есептеледі. Егер біріншісі барлаушылар немесе тыңшылар кейпінде әрекет етіп, терең «бейбітшілдігімен», исламды уағыздауымен ерекшеленсе, онда өз әрекетінде Хизб-ут-Тахрир күш көрсетушілік және антиконституциялық тәсілдерді қолданды. Астана қалалық сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен «Хизб-ут-Тахрир» халықаралық ұйымы экстремистік деп танылды және оның ҚР аумағындағы әрекетіне тыйым салынды.

Хизб-ут-Тахрир әрекеті таза саяси сипатқа ие болды, діни тұрғыдан ол тек үгіт-насихат жүргізумен шектелді. Өткен онжылдықтың соңында партия мешіттер мен адамдар жаппай топтасқан орындарда көптеген рұқсат етілмеген митингтер өткізді. Партия елдің заң шығарушы органы басқа көршілес елдерден ерекше либералдылығымен бөлектенгенмен, ҚР аумағында өз әрекетін заңдастыруға күш салмады. Қазақстан орталық азия республикаларының ішінде соңғы болып Хизб-ут-Тахрир әрекетіне тыйым салды.

«Хизб-ут-тахрир» партиясы саяси пиғылмен кейбір аймақтық саясатқа байланысты өзіндік рөлі бар екендігін көрсету мақсатында, саяси пияр жасап жатқандығы белгілі болды. Осы орайда, аталмыш партияның түрлі іс-шараларды пайдаланып жатқандығы анықталып отыр. Дегенмен, партия әлі өз мақсатына толық жете қойған жоқ. Демек, партия идеологиялық, саяси пияр бойынша өзіндік идеологиялық деңгейлерге жеткенімен, іс жүзінде өз мүдделері мен басты мақсатына жете алмай жатыр деуге болады. Біздіңше, мұның өзіндік мынадай негізгі себептері бар: біріншіден, ислам дінінің басты қайнар көзіне, әсіресе, белгілі хадисте, халифат институтының сұлтанат пен патшалық сипат алатындығы баяндалса да, оның тарихи дәлелдемелері болса да, партия әлі күнге дейін утопиялы түрде іс-әрекет жүргізіп келеді. Демек, осы партияның қызметі шариғат негіздеріне қарама қайшы келеді. Екіншіден, жалпы мұсылман үмбетінің арасында партияны жақтайтындар саны анағұрлым аз (шамамен әлем бойынша тек 1 % ғана құрайды). Демек, мұсылман үмбетінің басым көпшілігі партияны қолдамайды. Үшіншіден, партия өзінің әлеуетіне қарамайды. Сондықтан партия шариғат негіздерінен ауытқып, шариғаттың қағидаларына қайшы келетін әдістер мен тәсілдерді жүзеге асырып келеді. Бұл партияның қағидатсыз жеке пікірлерге көп орын бергендігін білдіреді.

Сонымен, жоғарыда аталған деректер мен тұжырымдарға сүйене келе, «Хизб-ут-Тахрир» партиясын Исламды бет перде еткен, халифатты аңсаушы, саяси кері тартпа партия деуге толық негіз бар.

Сол үшін біздің қоғамымыздың бүкіл мүмкіншілігін пайдаланып, яғни баспасөз беттерін, телеарна, бүкіл зия-лы қауым, әсіресе, бұл туралы үгіт-насихаттарын үнемі беріп тұру өте пайдалы. Бұл партияның арам пиғылын халыққа жеткізудің арқасында, жас ұрпағымызды осындай керітартпа ұйымдардың үгітіне құлақ аспай, соңынан ермеуді түсіндірумен арашалап, құтқаруға болады.

Ислам дінінің атын жамылған, Халифат құруды аңсайтын «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының негізгі жасап жүрген әрекеттері мұсылмандарды ыдыратуға бағытталған. Алайда, бұл ұйымның мақсатының мән-маңызын жете түсінбей жатып, солардың қатарынан табылатын жас жеткеншектер де бар, арамызда.
Солардың бірі – Шымкент қаласының «А» есімді тұрғыны.

Ол 2003 жылдан бастап Шымкент қаласындағы «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының идеологиясын уағыздаушы ұйым белсенділерінің бірі болып табылды. Атап айтсақ, ол 2004 жылдың наурыз айында Шымкент қаласы орталық базарында «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының идеологиясын насихаттайтың үнпарақтарын таратып жүріп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қолына түседі. Шымкент қалалық соты оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Алайда, ол бұдан кейінде өз әрекетін жалғастырылған. Тарқатып айтар болсақ, Астана қалалақ сотының шешімімен 2005 жылдың наурыз айында «Хизб-ут-Тахрир-аль-ислам» халықаралық ұйымы экстремистік ұйым деп танылып, оның қызметіне Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынғанына қарамастан, осы уақытқа дейін аталған экстремистік идеяның отанымыздың аумағында тарқатылуындағы өзінің құқыққа қайшы іс-әрекетін жалғасытрған. 2005 жылы Шымкент қаласының мешіттерінің бірінде «Хизб-ут-Тахрир» партиясының радикалды ұрандарын толықтай көрсететін үндеуін мешітке келуші намазхандар арасында ашық түрде жариялаған. Сол үшін ҚР ҚК 164 және 337 баптары бойынша бас бостандығынан айырылды.

Міне, қоғамымызға жат идеология-ны насихаттауыдың жағымсыз салдары. «Хизб-ут-Тахрир» сияқты діни экстремисттік ұйымының идеологиясы Араб елдерінде қолдау таппай жатқанда, жас жеткеншектердің санасын улап, бойынына сіңіруге әрекеттену, бағыт-бағдары беймәлім, Отанға деген патриоттық сезімі жоқ адамдарды тарту азаматтығын алған өз еліне қастандық емей немене?!

Сондықтан, барша халықты мұндай жат идеологияның азғыруына ермеуге шақырамыз.

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *