Велосипедпен жүретін қария

63 жастағы Оразбек Романқұловтың 20 жылдан бері айнымас серігі — велосипед. Сайрам ауданында тұратын ел ағасы күн сайын жұмысына тек велосипедпен қатынайды. Ол ертеден кешке дейін 40 шақырымнан аса жолды жүріп өтеді екен. Ауыл арасында «велосипеді бар ата» атанып кеткен қарияның асқа тәбеті жақсы, денсаулығы мықты, көңілі сергек. Анда-санда суық тиіп қалатыны болмаса, ауру-сырқат мазаламайтын көрінеді.

Оразбек Романқұлов

Оразбек Романқұлов

 

20 жыл ішінде Оразбек ата 4 велосипед ауыстырыпты. Ал соңғы шайтанарбасын ұлы сыйға тартқан. Айта кетерлігі, ақсақал велошабандоздар шеруінің тұрақты қатысушысы. Бірнеше күн бұрын Түркістан қаласына, «Машат», «Біркөлік» шатқалына велосипедпен барып қайтыпты. «Жолға ақша шығындамаймын, қоғамдық көліктерді күтіп, уақытымды жоғалтпаймын. Адамдармен сығылысып, автобуста отырмаймын. Есесіне өзімді ширақ сезінемін. Жұмысымды ерте бітіремін» деген Оразбек ата үшін бұл үйреншікті әдетке айналған. Тіпті ол қысты күні де сүйікті көлігінен ажырамайды.

Қарияның бұл ісін көрген талай жан қызыушылық танытып, шайтанарба айдауға ниеттеніп жүрсе керек. Өкініштісі, велосипедшілерге арналған жол жиектерінің болмауы, ақсақалды қынжылтады. Егер жауапты орындар, осы кемшіліктің орнын толтырса, екі дөңгелекті көлікке ауысатын жандардың да көбейетіні рас дейді ел ағасы.

Махаббат Абдешова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *