Учаскелік полиция есігіңізді қақса…

64a945cee5d3edf09df9bff1e5c3c4f4_xlСоңғы уақытта учаскелік полиция инспекторларының жұмысына сын көбейді. Тұрғындар тарапынан «өз инспекторымызды танымаймыз», «қоғамдық тыныштық сақтауда дұрыс жұмыс істемейді», «оларға хабарласа алмаймыз» деген шағым азаяр емес. Облыстық прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Қауіпсіз қала» жобасы аясында жергілікті полиция қызметкерлері тұрғындармен жүздесуді бастады. Алғашқы жиынның өзінен-ақ өз жұмысына салғырт қараған полиция өкілдеріне наразылық танытқандар аз болмады. Тәртіп сақшыларының жұмысындағы кемшіліктердің орын алу себептерін ОҚО ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Мұсабек Зұлпыхаров былай түсіндіріп берді.

Учаскелі полиция инспекторының жұмысы көп салалы қызмет. Жергілікті атқарушы органның өкілі болып саналатын инспекторлар қоғамның тыныш өмір сүруіне жауапты. Олардың тікелей міндетіне бірінші кезекте құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар кіреді. Сондай-ақ, учаскелік инспекторға бекітілген әкімшілік аумақтың тазалығына, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алу секілді күрделі міндеттер кіреді. Бүгінгі таңда, инспекторлардың жұмысына айтылып жатқан сындар аз емес. Мұның орын алуына мәселен Шымкент қаласының аумағы 40 мың гектардан 117 мың гектарға күрт өсті. Қаланың барлығы «Отырар», «Север» секілді жинақы шағынаудан емес. Қаланың территориясы кеңіген соң жеке үйлер көбейді.

олардың барлығын құқық қорғау қызметкерлерінің санының аздығынан қамту мүмкін болмай отыр. Мәселен, ішкі істер министрлігінің талаптарына сәйкес, бір учаскелік полиция инспекторында қала аумағында 2300 халықтан, ал ауыл-аймақта 1800-ден келуі қажет делінген. Өкінішке орай, қазір қалада бір инспекторға орта есеппен 3,5-4 мың, ауылда 5-7 мың адамнан келуде. Дәл қазіргі уақытты өңірде 1007 учаскелік полиция инспекторы бар, 262 полиция пункті бар. Яғни, осы салаға 450-ге жуық маман жетіспейді. Бұған қосымша 40 пункт салынуы тиіс.

Тұрғындар мен учаскелік инспекторларды таныстыру мақсатында 1 қыркүйектен бастап «Участок» жедел профилактикалық іс-шарасы басталған болатын. Әрбір маман өз аумағына қарайтын көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат біледі, шағымдарын тыңдайды. Нақтырақ айтқанда, пәтерлер және үйлер бойынша әкімшілік учаскелерді тексеру, тұрғындар туралы мәліметтерді, әкімшілік учаскеде тұратын тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді, ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды мекенжайы бойынша тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ, жалдамалы пәтерлерде көптеген қылмыстар орын алады және тыныштық бұзады. Тексеру кезінде жалдамалы пәтерлердің де жайы назардан тыс қалмайды.

Шара басталғаннан бері 5 мыңға жуық пәтер мен жеке үйлер тексерілді. 3518 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша 468 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, 37 азамат профилактикалық есепке алынды. Бұл іс-шара 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Күні бүгін белгіленген жоспардың 70%-ын орындадық. Министрлікке шараның уақытын ұзартуға ұсыныс жібердік. Өйткені, тұрғындардың дерлігі, күндізгі уақытта үйінде болмайды. Егер учаскелік полиция есік қақса, олардың жұмысына тұрғындар түсіністікпен қарап, қоғамның қауіпсіздігі сақтауда қолдау білдірсе деймін.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *