ТМД-дағы теңдессіз өндіріс орны

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі «Karlskrona LC AB» серіктестігінде болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Компания су сорғылары мен уран өндіретін кәсіпорындарға қажет құрылғылар шығарады. ТМД елдерінде теңдесі жоқ өндіріс орнының жылдық қуаттылығы 6,5 мың дананы құрайды. Жарамдылық мерзімі 20-30 жылдан асатын зауыт тауарларына бес жылға дейін кепілдік беріледі. Бүгінде кәсіпорында 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.

ТМД-дағы теңдессіз өндіріс орны

«Karlskrona LC AB» неміс зауытынан шыққан өнімдердің 90 пайызы ішкі нарықта саудаланып жатыр. Атап айтқанда, тауарлардың басым бөлігі «ҚазАтомПром» АҚ-на тасымалданса, су сорғылары Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы су арналарына жеткізіледі. Ал, шығарылған өнімнің 10 пайызы Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанға экспортталады. Зауыт басшылығы бұл көрсеткішті болашақта 30 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Бүгінгі таңда Шымкенттегі индустриалды аймақ маңында компанияның болат құю зауыты салынуда. Жаңа зауытта су сорғыларының корпусы жасалып, құрыш табағы құйылатын болады.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан өңір басшысы зауыттағы жұмысқа оң бағасын беріп, отандық өнімді қолдайтынын жеткізді.

Айнұр Ақбаева

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *