Тілді құрметтеу — өзін құрметтеу

4-2Мемлекеттік тілдің тағдыры тек мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның, қоғамды құраушы әрбір жеке адамның күш-жігерімен, қажеттілігімен айқындалады.
Осы орайда, Шымкент қаласы Тілдерді оқыту орталығында «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан мекемелерді тілге тиек етпесек болмас. Нағыз тіл жанашырлары деп осы мекемені айтсақ болады. Ерте барып, кеш қайтатын қызығы мен қиындығы қоса жүретін ОҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» Төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлері қай кезде барсаңыз да қызу жұмыс үстінде екенін байқаймын. Мен екі жылдан бері бұл қызметкерлерге сабақ беріп келемін. Ешқашан берілген тапсырманы кейінге қалдырған емес. Мемлекеттік тіл инспекторы Айша Келдібекқызы Катчанова өз ісін ұқыптылықпен орындап, тыңдаушылардың уақытында сабаққа қатысуын қадағалап отырады. Өзім сол істердің куәсі ретінде қызметкерлермен бір сабағымды «Сөйлеу мәдениеті» тақырыбына арнадым. Жұрт алдында сөйлеу – өте жауапты әрі қиын жұмыс. Көпшілік алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – даярлық. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Сабақ барысында қазіргі мемлекеттік тіліміздің жағдайы туралы, қаншалықты тілімізді құрметтейміз, жұрт алдында сөйлеу мәдениетіміз қандай деңгейде екенін тілге тиек еттік. Көп алдында сөйлеп ысылмағаннан болар, кейде асып-сасып, булығып, айтайын деген сөзімізден жаңылысатынымыз рас. Кейбір қызметкерлер өлең оқып, мақал-мәтелдер айтты. ОҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Марат Тоқташұлы Тоқбаев өз сөзінде қызметкерлерінің мемлекеттік тілге деген құрметі арта түсетінін,Тілдерді оқыту орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруда өз үлестерін аямайтынын айтты.Тағы бір айта кететін жағдай «Мәңлік елдің тілі де мәңгілік» атты облыстық форумға осы мекеменің Өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау падполковнигі тыңдаушымыз Максимюк Юра қатысып, мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің тәуелсіздік алуына байланысты елімізде рәміздеріміз бен мемлекеттік тіліміз нақты орнады. Соған орай, барлық ұлт өкілдері мен қазақ азаматтары мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге зейін қойып, қазіргі уақытта заман талабы ретінде тілді еркін меңгеруге мақсат етіп отыр.

Г.Есепбаева,
Шымкент қалалық әкімдігінің
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *