Темекіден бас тарту үшін…

5Темекіні тұтыну созылмалы аурулардың, соның шінде онкологиялық, өкпе, жүрек-қантамыр ауруы, ишемиялық жүрек ауруларын дамытатын негізгі қауіпті факторлардың бірі болып табылады. Шегілген темекі артериялық қан қысымын сынап бағанасынан 30 мм-ге дейін көтерілуін, қантамырдың тарылуын, тромбтың пайда болуын тудырады.

Темекі тартуды тоқтатқыңыз келсе:
— Темекіні тастаудың қиындығы туралы ойдан аулақ болыңыз.
— Темекіні тастауға тұрарлық себептердің тізбесін дайындаңыз, мысалы: денсаулыққа байланысты артықшылық, ақшаны үнемдеу, уақытты үнемдеу.
-Өз ағзаңызды дайындау (жаттығу жасауды бастап,сұйықтықты көп ішіп, шаршамау керек)
— Темекіні тастағыңыз келетінін жақындарыңызбен достарыңызға айтып, олар сіз болған жерде темекі шекпей, сізге темекі ұсынбай және қабылдаған шешіміңді орындауға қолдау жасай алады.
— 10 күн немесе 2 апта аралығында темекіні тастайтын уақытты белгілеңіз.

Темекіден бас тартқаннан кейін алғашқы минутта сіздің денсаулығыңыз жақсара бастайды!
— жүректің жиырылу жиілігі азайып, артериялық қан қысымы төмендейді;
— инсульт пен инфаркт қаупі азаяды;
— дәм сезу қалпына келеді;
— өкпенің қызметі қалыпқа келіп, қанайналымы жақсарып,жүрісіңіз жеңілдейді;
— ауыз қуысы, тамақ өңештің обырының даму қаупі 2 есе төмендейді;
— созылмалы обструктивтік өкпе ауруынан өлім қаупі төмендейді;
Егер темекіні қайта шеккіңіз келсе:
— 1-2 минутқа уақытты созыңыз, сонда темекі шеккіңіз келмей қалады;
— суды көп ішуге тырысыңыз;
— жағдайды өзгертіп, айналысатын қызықты іс табыңыз;
— көзіңізді жұмып, 10 рет терең тыныс алыңыз, ол сізді босаңсытады
— темекіні тастағыңыз келетін негізгі себептерін есте сақтаңыз;
Темекіні тастау ешқашанда кеш емес!

Б.А Бекешов,
№9 Шымкент қалалық
емханасының жалпы
тәжірибелі дәрігер

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *