Тегін жолдаманы кімдер алады?

1 курорт2013 жылдан бастап шипажайда тегін емделуге болады. Бірақ, ақысыз әлеуметтік көмекті кез келген азаматтың алуына мүмкіндік жоқ. Тегін жолдаманы алу үшін белгілі бір аурумен медициналық мекемеде есепте тұру қажет.


Оңтүстікте тегін жолдама арқылы үш шипажайда емделуге болады. Олар: «Денсаулық», «Біркөлік» және «Ақсу-Жабағылы» демалыс орындары. Тегін жолдама тек Шымкенттегі орталық және №1, №4 емханалардан ғана алуға болады. Бірақ, бұл емханаларда барлық аурудың түрі бойынша тегін жолдама берілмейді. Шипажайға тегін жолдама зейнеткерлер мен I және II топтағы мүгедектерге беріледі. Тыныс жолдарының созылмалы дерттері бойынша тегін жолдама қалалық орталық емханада беріледі.
№1 қалалық емханада: сүйек буын аурулары (остехандроз, артрит, артроз)
№4 емханада: жүрек-қан тамыр аурулары: Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония,жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек-және қантамыр неврозы, миокард инфаркті, гипотонияда тегін жолдамаға қол жеткізеді.
№4 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Райхан Жанабекованың айтуынша, тегін жолдаманы алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге тіркелу қажет. Одан кейін жеке төлқұжаттың көшірмесі және амбулаториялық картаның көшірмесі мен шипажайда емді қажет ететін карта болуы тиіс.
Оңтүстікте жылына шамамен 200-ден астам адам шипажайда тегін ем қабылдайды екен. Ақысыз әлеуметтік көмекті биыл қанша азамат алары әзірге белгісіз. Өйткені облыстық денсаулық сақтау басқармасы қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

  • Шымкент қалалық орталық емханасының телефоны: 40 — 24 — 59
  • №1 қалалық емханасының телефоны: 53 — 41 — 71
  • №4 қалалық емханасының телефоны: 53 — 46 — 58

Лаура НАХЫПҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *