Теңгенің көлік нарығына әсері

10 сборка2015 жыл — су жаңа көліктерге ғана емес, бұрын қолда­ныста болған ескі көліктердің саудасына да әсе­рін қатты тигізді. Тіпті, еліміздегі жеңіл­дікпен берілетін автонесие де сырттан әкелінетін жаңа және ескі көліктердің ағынын тоқтата алмауда. Теңге бағамы түскен сайын отандық автосалондағы көліктер сатылымы да құлдырай түсті. 

Сонымен, көлік сатушыларды қазір бір ғана сұрақ мазалап тұр. Көлікті қандай валютамен сатқан дұрыс және теңге бағамы қанша бол­­ғанға дейін күткен жөн? Себебі түсінікті, доллар шарықтап барады. Яғни, көлікті қандай бағаммен сатса ұтылмайды?
Сарапшылардың айтуынша, дәл қазіргі таңда көлікті дол­лар­мен сату, сатып алу тиім­сіз. Оған қоса, шым­қала­лық авто­әуес­қой­лар да өзіміздің төл теңге­мізбен саудаласқанды жөн көріп отыр. Айталық, Шымкенттің көлік базарындағы баға 200 мың тең­геден 1 миллион теңгеге дейін барып қалады. Саудаласса көлік иесі 50-100 мың теңгеге дейін түсуі мүмкін. Сонымен қатар, халық бүгінде автонесиелендіру бағдар­ламаларын көбірек пайдалануда. Алайда, қазіргідей дағдарыс кезінде бұл әдістің де кежегесі кері кетуде. Өйткені, банктер несиені не доллармен, не теңгемен беруді білмей бастары қатуда. Нәтижесінде екі ортада қарапайым тұтынушы зардап шегіп жатыр. Әйтеуір, көңілге медет тұтарлығы ескі көліктерді Үкімет мүлдем пайдалануға тыйым салған жоқ.
Шымкент қала­сындағы «Хюндай орталығы» авто­салонының сату жөн­ін­дегі менеджері Игорь Хан­ның айтуынша, дәл қазір автокөлік сатып алушыларға қолай­лы сәт. Авто­әуесқойлар үшін тағы бір жағымды жаңалық, қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламамен 4% жеңілдікпен несиеге жаңа авто­көліктер беріліп жатыр. Көлік менед­жерінің айтуынша, алдағы уақытта көлік бағасы қымбаттайды.

Сырттан келетін көліктер арзан ба?

Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйы­мына кіргелі кедендік баж салығына өзгеріс енгізілген болатын. Қазіргі уақытта жаңа көлік құралдарының орташа импорттық салық мөлшер­лемесі шамамен 27,9%-ды құрайды. Енді ДСҰ-ға мүшеліктен кейін ставка деңгейі 13,3%-ға дейін төмендейді. Бұл ретте жыл сайын импорттық салық 0,5-0,6 %-ға төмендеп, қоры­тындысында 10,8 % орташа деңгейге жетеді. ҚР Ұлттық эконо­мика министрінің бұйрығы бойын­ша 11 қаңтардан бастап тауар түр­лерін ставкамен рәсімдеу туралы төмен­дегі тізімді бекітті.
1. Жеңіл автокөлік кузовы – 15%, бұрынғы салық та 15 % болатын. Бірақ, 2 907 еуродан кем болмайтын. Мысалы, Жапониядан 2000 долларға алдырған кузовты кеденде көтерме бағамен рәсімдейтін.
2. Қолданыста болған шина және жапқыштар – 20% , бұрын 17%, яғни 2,48 еуро болған.
3. Аз литрлі көліктерге арналған амортизатор Н (кгс) – жүріс жиілігі – 235-280, жүріс шегерілімі – 1 150 – 10 60 – 5% . Бұрын 10% болған.
4. Сұйық элоктролитпен поршень қозғалтқышты іске қосуға арнал­ған қорғасын аккумулятор – 15% . Бұрын 2,2 еуро болған. Ал қалған баж салығы өзгеріссіз қалдырылған.
Ескерте кететін бір жайт, қолда­ныста болған шетелдік көлікті сатып алғалы немесе Қазақстан аума­ғына әкелгелі жүрсеңіз, оны толық жабдықталған немесе дайын автокөлік күйінде әкелуіңіз қажет. Көліктің доңғалағын ағытып немесе бөлшектеп контейнерге салып әкелуден ештеңе ұтпайсыз. Себебі, кеденнен өткен кезде көлік құралын бәрібір бекітілген ставка бойынша рәсімдеуден өткізесіз.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі кеденнен рәсімделетін көлік құралдары 5 жылға дейін ар­зан­датылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің мем­лекеттік кіріс коми­тетінің қыз­меткерлері мәлім­деді. Яғни, ЕАЭО мүшесіне кірмейтін елдерден әкелінген көлік­тердің ставкасын жоспарлы түрде төмендету 2020 жылға дейін жалғаспақ.

Jpeg

Али Полатбекұлы,
көлік жүргізушісі:
— Менің автокөлігім 1992 жылы шыққан, әрине оны жаңалағым келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын биліктегілер елдегі автокөліктерді жаңалау жөнінде арнайы бағдарлама жасамақ дегенді естіп қуа­нып қалып едік. Алайда, ол іске аспақ түгілі тұралап қал­­ды. Шамасы еліміздегі мыңдаған ескі көліктерді жаңа­лауға кететін қаржыны бюджеттен қарастыра алмаса керек. Оның үстіне ескі көліктерді жаңалау үшін оның орнына отандық көліктерді ұсынуға да мүмкіншілік жоқтың қасы. Елімізде жасалатын көліктердің бағалары әлі де қымбат. Мысалы, Қостанайда жасалатын ең арзан «Нива» көлігінің бағасы бүгінде 1,5 мил­лион теңгеден асса, менің көлігімнің базар бағасы небәрі 200 мың теңге. Демек, ескі көлік­терді Үкімет есебінен жаңалауға үміттенбесек те болады. Ал, жыл сайын өткізілетін техникалық байқауда ескі көлік­тер үшін ешқандай кедер­гі жоқ. Автокөлік негізгі техникалық талаптарға жауап берсе болды, жылына қарамайды.

Көлікті тіркеу қымбаттады

Бүгінде елімізде автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін алым 0,25 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Алым тек қолданыстағы ескі көлік­терге ғана емес, кейбір жаңа көлік­­терге де қатысты. Бұл туралы «Индустриялық-инновациялық сая­сат мәселелері бойынша заң жобасын қарау аясындағы авто­өнеркәсіп мәселелері туралы» заң қабыл­данғаннан кейін күшіне енді. Соны­мен, 1 қаңтардан бастап жаңа заңда келтірілген барлық көлік құралдарының ставкасы төмен­дегідей бекітілді.

Көлік құралдарын алғаш­қы тіркеудегі жинақ, М1 санаты
(жеңіл, жүргізушісімен қосқанда 8 адамнан көп емес орындығы бар жолаушы тасымалдаушы көлік):
1 жылға дейін — 0.25 АЕК
3 жылға дейін – 50 АЕК
3 жылдан көп – 500 АЕК
М1 санатындағы электр­қоз­ғалтқышты гибридті көлік құрал­дары
(жеңіл, жүргізушісімен қосқанда 8 адамнан көп емес орындығы бар жолаушы тасымалдаушы көлік):
1 жылға дейін — 0.25 АЕК
3 жылға дейін – 25 АЕК
3 жылдан көп – 250 АЕК
М2 санаты
(микроавтобустар, жүргізуші­сімен қосқанда 8 адамнан көп жолаушы тасымалдауға арналған, максималды салмағы 5 тоннадан аспайтын):
1 жылға дейін — 0.25 АЕК
3 жылға дейін – 240 АЕК
3 және 5 жылға дейін – 350 АЕК
5 жылдан көп – 2 500 АЕК
М3 санаты
(автобустар, жүргізушісімен қосқанда 8 адамнан көп жолаушы тасымалдауға арналған, максималды салмағы 5 тоннадан аспайтын):
1 жылға дейін — 0.25 АЕК
3 жылға дейін – 240 АЕК
3 және 5 жылға дейін – 350 АЕК
5 жылдан көп – 2 500 АЕК

Ескі көліктер жойыла ма?

Бүгінгі күні Қазақстанда 4 млн жеңіл көлік болса, олардың тең жартысының орташа пайдаланылған мерзімі 19 жылдан асады. Тағы 5 жылдан кейін 20 жылдан астам уақыт пайдаланылған көліктердің үлесі 70 пайызға жетеді. Бұл көр­сеткіш Германияда шамамен 8 жыл­ды құрайды. Жалпы, ескі көліктердің жолдағы қауіпсіздігінен бөлек, қоршаған ортаға тигізер зияны да көп. Сондықтан, Қырғызстан Кеден одағына кірер кезде көрші елден ескі көліктердің ағылуына жол берілмейтіні қарастырылды. Сондай-ақ, ескі көліктердің ағымына тосқауыл болатын екінші шара – тір­кеу алымын қымбаттату.
Мәсе­лен, Германияда ескі көлік­тің көзі жойылмайынша, есептен шыға­р­ылмайды екен. Ал, бізде кері­сінше есептен шығарған соң, ескі қаң­қасын не істесең соны істе деген түсі­нік қалыптасқан. Бірақ, көлік жүр­гі­зушілерін де түсінуге болады. Мемлекет тозығы жеткен автокөлігін жоюға өткізген қожайынға белгілі бір мөлшерде өтемақы төлеуі қажет.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *