Теңгенің қауқары қалды ма?

Мұнай бағасының арзандауымен бірге сапырылыста қалып қойып, әбігерге түскен төл теңгеміздің келер күндердегі бағамы жұртты алаңдатқан мәселеге айналды. Таяуда ғана Шымкент қаласында осы тақырып төңірегінде «Теңгенің қауқары және халықтың әлеуметтік жағдайы» деген дөңгелек үстел өтті. Отырыста көк қағаздың қатарында құнын жоғалтуға айналған теңгенің нарық дамуына, кәсіпкерлердің есебі мен жұртшылықтың қалтасына қаншалықты салмақ салып жатқаны талқыға түсті.

Теңгенің қауқары қалды ма?«Ақ жол» демократиялық партиясы ОҚО филиалының төрағасы Анарбек Орман Қазақстанның тәуелсіз тарихында болған девальвацияларды санамалай келе, осы жылдың тамыз айында теңгені еркін айналымға жіберуді іс жүзінде бесінші девальвацияның басталуы деп атады. Оған дейін біздің елімізде 4 девальвация болған. Алғашқысы 1994 жылы болса, одан кейін 1999 жылы – доллар құны 84-тен 138 тенгеге, араға 10 жыл салып 120 тенгеден 150 теңгеге, ал 2014 жылы – 185-187 теңгеге шарықтады.

Біздегі шағын және орта кәсіптің үлесі ішкі жалпы өнімнің 20%-дан аспай отырғанын айтқан Анарбек Орман: дамыған елдерде бұл көрсеткіштің 60%-дан кем еместігін мысалға алды. Осының салдарынан халыққа қажетті тауарлар өзімізде өндірілмейді. Бұдан келіп импортқа тәуелді ел экономикасы жағдайында теңгенің тұрақтауы қиынға соғады.

Отырыста мемлекеттің салық саясаты көп сынға ілікті. «Қазснаб» өнеркәсіптік фирмасы директорлар кеңесінің төрағасы Әбдіқасым Сыздықов: бізде салықтың түрі көп, кейбірі түсініксіз салықтар. Осы салықтардың түрін қысқартып, бірыңғай салық түрін қолданар болсақ, кәсіпкерлердің де бәріне түсінікті болар еді, дей келе жұмысшыларының 70 %-ын ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болғанын айтты.

Елдегі салық саясатын сынға алғандардың бірі «Домалақ ана» Қоғамдық қорының президенті Алтынбек Төлепбеков болды. «Қала мен ауылдағы қызмет көрсету орындарының бірдей салық төлейтінін айтқан Алтынбек Төлепбеков: бұған ауылдағы бизнестің шыдас бермей, жабылып қалатынын жеткізді. Сондықтан міндетті түрде салық заңнамасын қайта қарап, осындай кемшіліктерді жою керек» — деді ол.

Отырыста бірқатар ұсыныстар айтылды. Ең маңыздысы жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу, жұмыс орындарын қысқартуды тоқтату. Екіншісі, салықтық ынталандыруды іске асыру. Қазіргі қолданыстағы қосымша құн салығы экономикалық балансты қамтамасыз ете алмайды. Үшіншіден – инвестициялық климатты жақсарту қажет. Инвестиция туралы көп айтылып, жазылып жүрген жағымды хабарларға қарамастан, шын мәнінде Қазақстанға келген инвесторлар құжаттарды рәсімдеу үшін сансыз әкімшілік құрылымдардың бөлмелері арасында жүгіруден шаршап, соңында кәсібін ашпастан еліне қайтып кететін жағдайлар да болған.

Теңгенің қауқары қалды ма?

Табысымызды жария етеміз!

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. «Азаматтардың Декларациялау жүйесіне «кіруі» кезең-кезеңмен жүзеге асырылу ұсынылады. Мәселен, 2017 жылы Декларациялау жүйесіне халықтың неғұрлым дайындалған бөлігін тарту болжанады. Бұл депутаттар, судьялар, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ олардың жұбайлары. Сонымен қатар, бірінші кезеңде, ілкімді жоба ретінде ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналын және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін декларациялау жүйесіне кіргізу ұсынылады. Ал жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі 2020 жылға қарай жоспарланып, оған халықтың қалған бөлігін тарту көзделген», – деді қаржы министрі Б. Сұлтанов.

Елдің сыртқы қарызы – 155,2 млрд АҚШ $Елдің сыртқы қарызы – 155,2 млрд АҚШ $

2015 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанның сыртқы борышы 155,2 млрд АҚШ долларын құрады. Олардың 5% немесе 7,8 млрд АҚШ долларын – мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, 6,2% немесе 9,7 млрд АҚШ доллары – «Банктер» секторының сыртқы борышына тиесілі. 2015 жылғы 2-тоқсанда елдің сыртқы борышы 0,9 млрд АҚШ долларына ұлғайған. Шетелдік тікелей инвестициялар бойынша 2015 жылғы І жартыжылдықта 1,3 млрд АҚШ доллары мөлшеріндегі теріс баланс қалыптасты.

Банкрот болғандарды сақтайтын заң жобасы

ҚР Мәжілісінің Сенаты банкротқа ұшыраған кәсіпорындарды сақтап қалатын заң жобасын қабылдады. Бизнесті сақтап қалудың жаңа балама механизмдерін құру қарастырылып жатыр. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың хабарлауынша, төлем қабілетінен айырылған борышкер өзін банкрот деп жарияламауына болады. Оның орнына төлем қабілетін реттеу шарасы қабылданады.

Елдің сыртқы қарызы – 155,2 млрд АҚШ $Ұлттық валюта бағамы мұнайға тәуелді

ҚР Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов жаңа жылда доллар бағамы қалай болатынын айтты. Оның сөзінше, мұнайдың қазіргі бағасында теңге бағамы тұрақты. Ал, егер мұнай бағасы арзандай беретін болса, онда доллар күшейеді. Мұнай қымбаттаса, теңге күшейеді. Алдағы 3-5 жыл көлемінде энергоресурстардың бағасы қалыпты жағдайға жететінін дөп бәрі де түсінеді. Бірақ, қысқа мерзімде не болатынын ешкім нақты айта алмайды. Мұнай бағасы – теңге бағамына әсер ететін негізгі фактор, – деді Қайрат Келімбетов.

2,5 млрд теңгені үнемдеуге болады

Қазақстан ЕАЭО елдері ішіндегі роуминг пен тарифтерді төмендету есебінде 2 млрд теңгеден астам қаржы үнемдей алады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияны реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов мәлімдеді. Оның айтуынша,ЕЭК мобильді байланыс операторы ЕАЭО елдерінде тарифті төмендету ұсынылды, келісімге сәйкес, қазан айының соңына қарай арнайы жоспар ұсынылуы қажет еді.

Елдің сыртқы қарызы – 155,2 млрд АҚШ $Әуе билеттері қымбаттамайды

Қазақстан ішіндегі әуе тасымалының билет бағасы қымбаттамайды. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «Қазаэронавигация» компаниясының тарифті көтеру туралы өтінімін қабылдамай тастады. Қазан айының басында компания басшылығы тарифті 17 жыл бойына өзгертпегендіктен шығынға батып жатырмыз, деп мәлімдеген. Сондықтан да қызмет құнын 44 пайызға өсіруге рұқсат сұрады. Бірақ, аталмыш комитет бұған келісім бермеді. Өйткені, монополистің есебіне аудит жасалып, «Қазаэронавигацияның» өткен жылы 10 млрд теңге таза табыс тапқаны анықталды.

Жәнібек Нұрыш

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *