¦йел баласына жи³ад жасау парыз ба?

Әйел баласына жиһад жасау парыз ба?

Әйел баласына жиһад жасау парыз ба? Қазір мұсылман елдерінде талқыланып жатқан ең өзекті тақырыптың бірі осы. Сауд Арабиясының академиялық зерттеулермен айналысатын тұрақты комиссиясы бұған «әйел баласы жиһадқа қатысуы міндетті емес, мұсылман баласы әйелді жиһадқа шақырмауы тиіс» деген қорытынды беріпті. Бұған дәлел ретінде комиссия мына бір хадисті алға тартады: Бірде пайғамбарымыздан (оған Алланың нұры жаусын) әйелі Айша «О, Алланың елшісі әйел баласы жихадқа қатысуы міндетті ме?» деп сұраған. Сонда Алланың елшісі әйел баласының тек соғыссыз жиһадқа қатыса алатынын, мысал ретінде қажылыққа және умра қажылығын жасауына болатынын айтқан. Хадистерге қарағанда, ислам дінін кеңінен тарату мен одан кейінгі аралықтағы жиһадттың мәні екі басқа сияқты. Алланың елшісі ислам жолындағы жаугершілік соғыстар аяқталған соң үмбеттеріне енді жиһад деп нәпсіге қарсы күресті түсіндірген. Ары қарай оқыңыз