Сол баяғы жылудың жыры

Шымкенттіктердің қыстың көзі қырауда жылусыз қалуы ғажап емес. Өткен аптада «3-Энергоорталық» АҚ-ның «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамына қарызы 2 млрд теңгеге жуықтағаны жария етілді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосыновтың айтуынша, қордаланған қарыздың салдарынан газ таратушы компания көгілдір отынды өшіруге мәжбүр болып отыр. Сөйтіп, бір апта бұрын екі мекеме арасында келіссөздер басталды.

Ары қарай оқыңыз

2017 жылдың коммуналды тарифтері

Жаңа жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында су, электр және газ қымбаттамайды. Бұл туралы Аймақтық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Аталықов мәлімдеді. Оның сөзінше, әлемнің дамыған елдеріндегі монополияға қарсы реттеу әдісімен алмастырлады. Департамент баға бойынша сөз байласқан, үстем жағдайды теріс пайдаланған, монополиялық жоғары баға белгілеген жағдайлар үшін жазалайтын болады. Қай салада болмасын тарифтер өсімі инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс. Ал, тариф шамасы 2017 жылы төмендегідей болды:

Ары қарай оқыңыз

Жылу Жаңа жылға дейін қымбаттамайды

жылуОблыста 1510 білім, 951 денсаулық сақтау, 811 әлеуметтік бюджеттік мекеме маусымға дайы. Оларды жылытуға170,2 мың тонна қатты отын, 9,2 млн литр сұйық отын кетеді.

Биыл алғашқы қар қазан айында түсіп үлгерді. Сондықтан жылу бюджеттік мекемелерге ертерек берілді. Ал, көпқабатты тұрғын үйлердің бәрі бірдей қысқы маусымға дайын емес. Жаңа жылға дейін жылу бағасы көтерілмейді. Мұның бәрі 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жайын пысықтаған брифингте айтылды.

Жылу «жыры» жыл сайын қайталанады. Биліктегілер жүз пайыз дайынбыз деп есеп беруден шаршамайды. Оңтүстіктің жайлы қысында осы дайындықтан «мін» табылып жатады. Қыс келісімен тоңған халықтың жанайқайы жиі естіледі. Әсіресе, көпқабатты үйлерге сапалы жылу жетпейді. Биыл қазанның ортасында табиғат тосын мінезін көрсетті. Күз ортасында қара жерге қар түскені бұқара халықты алаңдатты. Себебі, Шымқалада әлі күнге дейін магис-тральды құбырлар ауыстырылып жатыр.

Ары қарай оқыңыз

Жылудың жыры бітпей тұр

Жылудың жыры бітпей тұр

Шымкент қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы саны – 1762. 1-қарашаға дейін 1427 көпқабатты тұрғын үй жылуға қосылған.

Ары қарай оқыңыз

Қаланың қысқа дайындығы қалай?

Қаланың қысқа дайындығы қалай?

Әне-міне дегенше күздің алғашқы айы да бел ортасына келді. Қазан айында жоспар бойынша қаладағы барлық үйлер жылыту маусымына сақадай сай дайын болуы тиіс.

Шаһарды жылумен қамтамасыз ететін екі орталық та қазір құбырларын ауыстырып, дайындығын пысықтауда. Ал төрт ауданның коммуналдық шаруашылық жөніндегі мамандары көпқабатты тұрғын үйлерде сығымдау жұмыстарының жүргізілуін бақылауға алып, туындаған мәселелерді шешуге қолғабыс етуде. Бүгінде қала тұрғындарының бірқатары дербес жылыту қондырғысын орнатып алуына байланысты тұтынушылар саны 70 мыңнан 63 мыңға дейін азайған. Ал қалада биыл 1922 көпқабатты үй жылу қабылдайды. Олардың 80%-ында дайындық жұмыстары толығымен жүргізілген.

Ары қарай оқыңыз

Жылыту маусымына дайындық қалай?

Жылыту маусымына дайындық қалай?

Жаз айы осы аптамен тәмам. Тамылжыған тамызбен қош айтысып, күздің қыркүйегіне аяқ басамыз. Тұрғындар жылыту маусымына қазірден бастап қамданбаса, ертеңгі күні қақыраған аязда тоңып қалмасына кім кепіл? Сонымен қала қысқа дайын ба? Бізді қызықтырған осы сауалға жауап алу үшін бірқатар аудандардағы тұрғын үйлерді аралап көріп, мамандармен аз-кем тілдескен едік. Ары қарай оқыңыз