Жаңа бастамалар мұғалімді шығармашылыққа жетелейді

Ақпан айының 23 жұлдызында Шымкент қаласы білім бөлімінің ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №58 жалпы орта мектебінде «Оқушының математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шығару дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағыттау» тақырыбында семинар болып өтті. Мектеп директоры Б.Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, семинарды ашты. Ол өз сөзінде мектеп ұжымының қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Сөз соңы көңілді концертке ұласты. Мектеп оқушыларынан құралған «Үкілім-ай» оркестрінің орныдаушылары күмбірлеген күй орындаса, «Көркем» би тобы мың бұралған билерімен тамсандырды. Ал мектебіміздің талантты жас әншілері әуезді әндерді әуелете шырқап, семинарға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ары қарай оқыңыз