Төбет – иттің төресі

Төбет – иттің төресі

Бүгінде елімізде ит таластыруды кәсіп еткендерге қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Қолдап-қуаттайтындар мен қарсы шығып жататындардың ара салмағы тең түсіп жатады. Біріншілері мұны «құрып кетудің шақ алдында тұрған қазақы төбеттерді сұрыптауға бағытталған жол» десе, жануарларды қорғау қоғамдық қорының мамандары қатігездікке балайды. Екеуінің де уәжі орынды. Бұл тақырыпқа кейінірек ораламыз. Алдымен, ит таластыруда табандылық танытып, ерекше қасиетімен көзге түсетін өзіміздің төбет жайлы сөз етсек. Ары қарай оқыңыз

Баланың өз үлесі бар

Баланың өз үлесі бар

Бір кездері өз баласының тағдырына жауапсыз қараған әкесымақтарға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмаған. Алайда соңғы жылдары «Неке және отбасы» туралы заңына өзгерістер енгізіліп, алимент мәселесі шындап қолға алына бастады. Әрине, алимент балаға әке бола алмайды. Дегенмен мұның өзі ер адамның жауапкершілігін аз да болса сезіндіреді. Сонымен алимент төлеудің тәртібі қандай? Алимент түрлері және оны төлемеген жағдайда қандай жаза қарастырылған? Бұл сауалдарға тиісті заңнамаға сәйкес жауап іздеп көрсек.
«Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 20 тарауына сәйкес ата-ана кәмелет жасқа толмаған балаларын асырау туралы келісім-шарт (алименттер төлеу туралы келісім) жасауға құқылы. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-баға алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Алимент төлеу туралы ата-анасының келісімі болмаған жағдайда, кәмелет жасқа толмаған балаларға қаражат берілмесе және сотқа талап-арыз жасалмаса, қамқоршылық және қорғаншылық органдары кәмелет жасына толмаған балалар үшін олардың ата-анасынан (екеуінің бірінен) алимент талап ету туралы арыз жасауға құқылы.

Ары қарай оқыңыз

Әкімшілік жазаға тартыласыз...

Әкімшілік жазаға тартыласыз…

Елімізде биылдан бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық» заңына бірқатар өзгерістер енгізілгені белгілі. Бұл құжатқа сәйкес қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандар мен жол ережесін сақтамағандарға қатысты айыппұл мөлшері едәуір өсіп отыр. Дей тұрғамен аталмыш заңның күшейгеніне қарамастан көпшілік арасында былапыт сөйлеу, саябақтарды ластау сияқты ұсақ бұзақылыққа жол беретіндер қатары азаяр емес. Осы ретте
Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Әбдімүтәліп Бектұрғановпен (суретте)сұхбаттасқан едік. Ары қарай оқыңыз

Әлеуметтік желіде ғайбаттау заңмен қудаланады

Әлеуметтік желіде ғайбаттау заңмен қудаланады

Елімізде жала жабу, көпе-көрнеу, жалған ақпарат тарату, азаматтың намысын қорлау қылмыстық кодекстегі ауырлығы орташа қылмыстар болып саналады. Сонымен қатар, бүгінде «жалған екеніне сенімді бола тұра өсек таратқан» жандар да жауапқа тартылуда. Болған оқиғаны бұрмалап, ушықтырып жіберетіндер де заң алдында жауап береді. Мәселен, жуырда ғана Шымкенттегі «Мәскеу» түнгі клубында орын алған төбелес соңы кісі өлімімен аяқталғаны көпшілікке мәлім. Артынша әлеуметтік желіде қос бойжеткен марқұмды жақсы танитынын жазып, оның өліміне тәртіп сақшылары себепші болғанын хабарлаған болатын. Ары қарай оқыңыз

Сенімхат алдымен өзіңізге қажет

Жуырда ғана елімізде жол жүру ережесіне бірқатар өзгерістер енгізілгені белгілі. Онда темір тұлпарды тізгіндегендерге қажет сенімхат қолданыстан алынып тасталды делінген. Әрине, бұл өзгеріс қазір жүргізушілер арасында түсініспеушіліктер тудырып жатыр. Осы орайда облыстық ішкі істер департаменті, әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тастанбеков Алмасхан Мәмбетұлымен сұхбаттасқан едік. Ары қарай оқыңыз

Жол жүру ережесінде не өзгерді?

Жол жүру ережесінде не өзгерді?

13 шілдеден бастап елімізде жол жүру ережесіне енгізілген жаңа түзетулер қолданысқа енді. Онда арнайы белгіленген жерлерде ғана тоқтау керек деген талап алынып тасталған. Сондай-ақ өзгенің көлігін басқару үшін өзімен бірге сенімхаттың болуы да талап етілмейді. Бұдан бөлек, енді су жаңа көліктерге 7 жылға дейін арнайы техникалық бақылаудан өтудің қажеті жоқ.

Ары қарай оқыңыз