Уақытша тіркеу… тағы нені білу керек?

Уақытша тіркеу төңірегіндегі сауалдар легі толастар емес. Сұрақтарға ОҚО ІІД Көші-қон полиция басқармасының аға инспекторы Жеңіс Әуелбеков жауап берді.

– Қаладағы пәтерімді жалға бергенмін. Алайда, пәтерімді банк арқылы несиеге алғандықтан бұғатта тұр. Пәтерімді жалға алушыларды уақытша тіркеуге қалай тұрғызамын?

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 493-бабына енген өзгертулерге байланысты пәтерін жалға берушілер пәтерінде бір айдан астам мерзімге тұратын азаматтарды уақытша тіркету қажет. Бұл міндетті орындамағанда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл үшін банктен құжатардың түпнұсқалары кепілдікте тұрғаны туралы анықтаманы және тұрғынүй құжаттарының көшірмесін алып, ХҚКО-на өтініш білдіреді. Ары қарай оқыңыз

ХҚКО-ның мобиль топтары базарға шықты

 

Азаматтардың қолайлылықтары үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызметтерді көрсету үшін оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайды.  Ары қарай оқыңыз

Шымкенттегі жексенбі күні жұмыс істейтін ХҚКО-лар тізімі

Астана тұрғындары электрондық цифрлық қолтаңба алып, пәтер иелерінің кооперативтерінің үй-жайларында уақытша тіркеуді рәсімдей алады. ХҚКО қызметкерлері ПИК тұрғындарын сағат 9.00 мен 18.30 аралығында, 13.00 мен 14.00 -ге дейінгі түскі үзіліспен қызмет көрсетеді. Ары қарай оқыңыз

Уақытша тіркеу туралы жиі туындайтын сұрақтарға жауап

Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 28-VІ ҚР Заңы күшіне енді. Бұл кейбір заңнамалық актілері мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 493-бабына өзгерістер енгізді. Аталған өзгерістердің қатарындағы елеулісі — азаматтардың уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы міндеттелуі болып отыр. Сондай-ақ, пәтерді жалға берушінің де, жалға алушының да қолында рұқсат қағазы болмаса заң маңдайынан сипамайды. Бүгінде уақытша тіркеу қоғамда қызу талқы таразысына салынуда. Осыған орай туындаған сан сауалға ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Хадиша Баймұқашева жауап берді. Ары қарай оқыңыз