Уақытша тіркеу… тағы нені білу керек?

Уақытша тіркеу төңірегіндегі сауалдар легі толастар емес. Сұрақтарға ОҚО ІІД Көші-қон полиция басқармасының аға инспекторы Жеңіс Әуелбеков жауап берді.

– Қаладағы пәтерімді жалға бергенмін. Алайда, пәтерімді банк арқылы несиеге алғандықтан бұғатта тұр. Пәтерімді жалға алушыларды уақытша тіркеуге қалай тұрғызамын?

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 493-бабына енген өзгертулерге байланысты пәтерін жалға берушілер пәтерінде бір айдан астам мерзімге тұратын азаматтарды уақытша тіркету қажет. Бұл міндетті орындамағанда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл үшін банктен құжатардың түпнұсқалары кепілдікте тұрғаны туралы анықтаманы және тұрғынүй құжаттарының көшірмесін алып, ХҚКО-на өтініш білдіреді. Ары қарай оқыңыз