Уақытша тіркеу туралы жиі туындайтын сұрақтарға жауап

Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 28-VІ ҚР Заңы күшіне енді. Бұл кейбір заңнамалық актілері мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 493-бабына өзгерістер енгізді. Аталған өзгерістердің қатарындағы елеулісі — азаматтардың уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы міндеттелуі болып отыр. Сондай-ақ, пәтерді жалға берушінің де, жалға алушының да қолында рұқсат қағазы болмаса заң маңдайынан сипамайды. Бүгінде уақытша тіркеу қоғамда қызу талқы таразысына салынуда. Осыған орай туындаған сан сауалға ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Хадиша Баймұқашева жауап берді. Ары қарай оқыңыз