Тура жолдан адас¶андар

Тура жолдан адасқандар

Дінді саясаттың құралы еткісі келетін діндарсымақтардан теріс білім алып, Сириядағы соғысқа барған жастардың бірқатары бүгінде өз істеріне өкініп жүр. Содырлардың қатарында жүріп, қателігін түсінгендер қазір біртіндеп елге оралуда. Өзге елде соғысқаны үшін сотталып, түрмеге қамалып та жатыр. Олардың арасында адасқанын түсініп, беті бері қарағандары да бар. Біз бұл мақаламызда ақиқатқа көз жеткізбей, кереғар діннің жетегінде кетіп, енді жазасын өтеп жүргендер туралы жазуды жөн көрдік. Ары қарай оқыңыз

Діни келісім

Елімізде діни келісім берік орнаған

Күнделікті тұрмысымызға еніп кеткен терроризм ұғымына бүгінде селт етпейтін болдық. Дүрлігіп елеңдейміз, тек қауіпті сәт туған кезде ғана. Алайда, осындай кездейсоқ қауіп-қатерді болдырмас үшін мемлекетіміз барынша күш салып жатыр. Қазақстанның әрбір азаматы өз елінің тыныштығына, бейбіт күннің мамыражай салтына мүдделі болуы тиіс. Ары қарай оқыңыз

Жаңа Ислам мемлекетi: аңыз бен ақиқат

«Ирак және Леванта ислам мемлекеті» («ИЛИМ») немесе Ирак және Шам ислам мемлекеті – ИШИМ, сондай-ақ  «Ислам мемлекеті» – Сирияның  басым аумағында (жарым-жартылай солтүстік-шығыс аумағын бақылайтын) және 2013 жылдан Иракта («сунниттік үш бұрышты» аумағын жарым-жартылай бақылайтын)  әрекет ететін халықаралық террористік ұйымы. Ары қарай оқыңыз