Ырыққа көнбеген «көк қағаз»

Ырыққа көнбеген «көк қағаз»

Қазақстан қор биржасындағы 5 қарашадағы таңертеңгілік сауда қорытындысына сәйкес, орташа сараланған бағам долларына 298,92 теңгеге жеткен болатын. Осылайша кешкілік саудамен салыстырғанда сәрсенбіде доллар бірден 11 теңгеге қымбаттады. Ары қарай оқыңыз

Теңгенің қауқары қалды ма?

Теңгенің қауқары қалды ма?

Мұнай бағасының арзандауымен бірге сапырылыста қалып қойып, әбігерге түскен төл теңгеміздің келер күндердегі бағамы жұртты алаңдатқан мәселеге айналды. Таяуда ғана Шымкент қаласында осы тақырып төңірегінде «Теңгенің қауқары және халықтың әлеуметтік жағдайы» деген дөңгелек үстел өтті. Отырыста көк қағаздың қатарында құнын жоғалтуға айналған теңгенің нарық дамуына, кәсіпкерлердің есебі мен жұртшылықтың қалтасына қаншалықты салмақ салып жатқаны талқыға түсті. Ары қарай оқыңыз

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өседі

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өседі

Ең төменгі күнкөріс деңгейі ұдайы өзгеріп отырады. Осы жылдың қыркүйек айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 20 442 теңге болды. Бұл тамыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға төмен. Ал өткен жылдың қыркүйек айындағы шамадан 0,6 пайызға жоғары. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,3 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа 15,4 пайызды құраған. Сонымен қатар, мұндағы жемістер мен көкөністер сатып алуға кететін шығын 14,6 пайыз, нан және жарма өнімдері 7,6 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер 2,1 пайыз шамасында есептеліп отыр. Ары қарай оқыңыз

Доллар шарықтап тұр. Теңге ше?

Доллар шарықтап тұр. Теңге ше?

Теңгенің еркін айналымға түсіп, доллар бағамының көтерілуі тауар мен мұнай бағасының шарықтауына әкеп соқты. Мұндай жағдай әсіресе төмен жалақы алатын қарапайым халыққа аса ауыр тиіп тұр. Себебі, газ, су, жарықты айтпағанда, азық-түлік бағасы көтеріліп, халықты әбігерге түсіруде. «Енді қалай күнелтеміз?» деп уайымға салынған халықтың уәжі орынды-ақ. Ал, ертеңгі күннен үмітін үзбейтіндер «не болса да көппен бірге көреміз» деп өздерін жұбатуда.

Ары қарай оқыңыз