Қаңтар-ақпандағы көктем

Бадам ағашының гүлі

Биыл Оңтүстікте қытымыр қыстың ызғары сезілмеді. Әдетте қаңтар-ақпанда алай-дүлей мінез көрсететін табиғат мешін жылында тосын мінезін танытты. Қыс бойы аймақта көк шөп жайқалып өсіп, адам танымастай өзгерді. Ерекше құбылысқа жергілікті тұрғындардың өзі таңданыс білдірді. Қыстың ортасында өңірімізде ауа температурасы 14°С — қа дейін жылынды. Сондықтан болар, ағаштар бүршік жарып, өсімдіктер гүлдеді. Бұл табиғат-ананың ерте оянуын білдіре ме, әлде әлемдік жылынудың лебі бізден басталғандай ма, деген ойда қалдық. Дегенмен, көктемнің ерте келуін жақсылыққа жорығымыз келді. Ары қарай оқыңыз