Ауданда ауыз су сағатпен беріледі

Өңіріміздегі қала, аудандардың Тәуелсіздік жылдарында өзгергені жайлы, олардың дамуы жөнінде әкімдердің есебі жалғасуда. Өткен аптада облыс әкімдігі жанындағы «Оңтүстік» коммуникациялық қызметінда Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов БАҚ өкілдеріне ауданның 25 жылда жеткен жетістіктері мен алдағы жылдары атқарылатын жұмыстары жайлы алдын дайындалған «пресс-релизден» емес, әңгіме ретінде баяндады.

Бұхарбай Рысқұлұлы өзге шенеуніктерден жұмысты жос-парлау және ұйымдастыру, қандай да деректер болмасын есте сақтау қабілетімен ерекшеленеді. Ары қарай оқыңыз

Әдіскер – жаңашылдық жаршысы

Әдіскер – жаңашылдық жаршысы

Жуырда Төлеби ауданы Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде «Әдістемелік қызметтегі инновациялық тәжірибелер» атты облыстық семинар өтті. Басқосудың бір ерекшелігі, бұл күні аудандық білім бөліміндегі әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен мектеп директорлары және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары оқушыларға сабақ берді. Соңынан көрме ұйымдастырылып, онда мұғалімдердің үздік еңбектері қойылды. Осымен екінші рет әдіскерлердің басын қосқан семинардың мақсаты не? Тақырыпты тарқатсақ…

Ары қарай оқыңыз

Төлебиде түйеқұс өсіріледі

Төлебиде түйеқұс өсіріледі

 

Ленгер қаласына – 70 жыл

Төлеби ауданының орталығы Ленгер қаласының отыз мыңға жуық тұрғыны бар. Көмір кеніші ретінде ашылып, қалаға айналған Ленгердің құрылғанына биыл 70 жыл толды. Шаһардың негізі 19 ғасырдың 70-жылдарында қоңыр көмір өндіретін шағын кеніш ретінде қаланған. Мұнда түрлі ұлт өкілдері қоныстанған. Еңбекшілер қаласы тоқырау заманынан дін аман өтіп, халықтың әлеуетін көтеру үшін кәсіпорындарды көптеп ашты. Оның басым бөлігі қаламен құрдас. Ары қарай оқыңыз