Желтоқсанда ашылған жаңа нысандар

8 вручение ключей(1)

58 пәтер берілді
ҚР Тәуелсіздігі күнінде «Нұрсәт» мөлтек ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жаңадан бой көтерген №56 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады. Әрі қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге  жас отбасыларға, жетімдер мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге арналған 58 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.  Ары қарай оқыңыз

74 тұрғын үй берілмек

74 тұрғын үй берілмек

Өңір басшысы Шымкент қаласындағы құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы көркем гимнастикаға арналған спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған орталықтың құрылысын мердігер мекеме «КДСМ» ЖШС жүргізуде. Көркем гимнастикаға арналған спорт кешені 8 блоктан тұрады. Ары қарай оқыңыз

Баспана мәселесін қалай шешуге болады?

Баспана мәселесін қалай шешуге болады?

Мемлекет тарапынан жас отбасыларға көрсетіліп отырған көмектің тағы бір түрі – баспанамен қамту мәселесі болып отыр. Мәселен, еліміздегі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының «Жас отбасы» тармақшасы пәтерден-пәтер жалдап, баспана тауқыметін тартып жүрген жас отбасылар үшін үйлі болуға мүмкіндік беруде.

Бүгінде жас отбасыларды үймен қамтамасыз ету үшін екі бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Біріншісі — «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы, екіншісі — «ҚИК» ИҰ АҚ арқылы.

Ары қарай оқыңыз

Тұрғын үйдің бағасы арзандады

Тұрғын үйдің бағасы арзандады

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің есебінше, еліміздегі тұрғын үй бағасы маусым айында 0,2%-ға арзандаған. Яғни, тұрғын үйдің бір шаршы метрі 222 406 теңгеге дейін төмендеген. Ары қарай оқыңыз