Елін сүйген Елбасы

Елін сүйген Елбасы

2013 жылдың соңында «ҚР мерекелер туралы» Заңына қосымшалар енгізіліп, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні деп бекітілді. Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырғаны белгілі. Дәл осы осы күні өткен сайлау арқылы Қазақстан халқы өз басшысын таңдай алды. Бұған дейінгі Кеңестік кезеңнің барлық сайлауынан өзгеше өткен сайлау арқылы қазақ елі енді өз басшысын тек орталықтың пәрменімен тағайындалмайтынын, халықтың өзі билікке, өзінің көшбасшысын сайлау арқылы тікелей араласып, таңдау жасау құқығын жүзеге асыратынын сезінді.
Айта кетерлігі, Тұңғыш Президент күні мерекесі де уақыт өткен сайын маңызы артатын халықтық шараға айналып келеді. Өйткені, бұл мереке жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты. Ары қарай оқыңыз