ДАИШ Ыстамбұлды басып алатынын мәлімдеді

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Түрік билігіне қауіп төндіретін бейнероликті таратты. Онда содырлар Реджеп Ердоғанның өз мемлекеті аумағын «ДАИШ»-тың нысандарына әуеден бомбалау үшін шығыс коалициясына беру туралы шешімін сынға алады. Түрік президентін шайтан мен сатқын деп атап, халқын үкіметке қарсы шығуға және «Ислам мемлекетіне» кіруге үгіттейді. Содырлар сондай-ақ жуық арада Ыстамбұлды басып алатынын мәлімдеген.

Ары қарай оқыңыз

Бахадүр Хакім

Түркиядағы қазақ актері

Кез келген тақырыпты сериалға айналдыруға әзір тұратын Түркия осы саладан айтарлықтай табыс тауып отырған елдердің бірі. Тіпті соңғы жылдары ел үкіметі ерекше көңіл бөліп, телеөнім өндіретін фирмалардың саны артқан. Еркін әрі ашық жұмыс істеуіне жол ашты. Өткен жылдың өзінде Түркияда мыңнан аса кино, сериал түсірумен және сатумен айналысатын түрлі продюсерлік орталықтар тіркелген. Әрине олардың көздегендері 77 миллион көрермені бар ішкі нарықты емес, телетауарларын сырт елдерді де таратуды қол көреді. Олардың бұл жоспарларының жақсы нәтиже беріп жатқанын отандық арналардан аңғаруға болады. Сондай-ақ, түріктің телесериалдары мен кино картиналары арқылы қаншама актерлар танымал болуда. Олардың қатарында есімі елге таныла бастаған жерлесіміз Бахадүр Хакім де бар. Өзге елде өнерін танытып жүрген қандасымыз біздің басылымға сұхбат берді. Ары қарай оқыңыз