Пайызы аз жаңа несиелер

кредиты2

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы қара алтынның әлемдік бағасымен қатар құбылған шақта елдегі несие нарығы алақұла күйді бастан өткеріп жатыр. Екінші деңгейлі банктер, микронесие ұйымдары мен кәсіпкерлікті қолдау қорынан берілетін түрлі несиелердің шарттары өзгеріп, нарық жағдайына бейімделе бастады. Шағын және орта кәсіп иелерін біржола тұқыртып тастаудан сақтанған билік бизнесті қолдауға деп берілетін несиенің жаңа түрлерін ұсынды. Солардың бірнешеуін кеңінен таныстырып өтелік.

Пайызсыз несие

Таяуда ғана «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын кәсіпкерлікті шағын несиелеу бағдарламасын іске қосатынын хабарлады. Қайтарылмалы негізде 1 млрд 200 млн теңге көлеміндегі бағдарламаны қаржыландыру «АЛМЭКС» компаниялар тобының жеке капиталын тарту арқылы іске асады. Бағдарлама аясында 4 пилоттық облысқа 300 млн теңгеден бөлінеді. Оған қоса, әкімдіктер осы сома мөлшерінде қосымша қаржыландырмақ. Kazakh-tv телеарнасының хабарлауынша, жоба аясында жеке ісін ашуға немесе шаруашылық іргесін кеңейтуге 15 млн теңгеге дейін пайызсыз несие алуға болады. Тек жалпы соманың 7 пайызы шағын несиені ресімдеуге жұмсалады. Кепілдікке ауылды аймақтағы баспана қойылады. «Тұрғын үйдің бағасы алған қаржының құнына сәйкес келмегеннің өзінде қам жеудің қажеті жоқ. Бұл шара қарыз алушының қаржыны мақсатты жұмсауына ынталандыру-дың қамы», — дейді мамандар. Тіпті бизнес жос-пардан бас-тап жобаның өндіріске қосылуына дейін демеу жасалады. Әзірге пилотты жобаға Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кірістірілген. Бастама нәтижесін берсе, кейін өзге өңірлерді бағдарламаға тарту көзделіп отыр. «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, қаражат ешқандай пайызсыз 3 жылға теңгемен беріледі. 3 жылдан кейін тағы созуға болады. Негізі бұл қаражат тек аудан орталығы мен моноқалаларда істейтін азаматтарға, кәсіпкерлерге ресімделеді.
Ал, «АЛМЭКС» басқарма төрағасы Мәжит Есенбаев өз кезегінде Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған шағын несие беру ұйымдары бүгінгі теңгелік өтімділікке байланысты үлкен қиындықтарға тап болғандығын айтады.

4 Мәжит ЕсенбаевНұрлан Ақшанов, Даму» Қорының Басқарма директоры
-Біз бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша несиені алу, автокөлікті конвейерде жасап шығаруға ұқсас болғанын қалаймыз. Банктің несиелік менеджері «Даму — микро» технологиясын қолдана отырып, банктің шешімін алуды 3-7 күнде қамтамасыз етуі керек. Оның үстіне, банктің несиелік менеджері мемлекеттік қолдау механизмінің «тетіктерін» білуі қажет, яғни, қай жерде «Даму» Қорының кепілдігін немесе «сусбсидияны» іске қосу керектігін. Осы конвейерден 7 күнде бір дайын жоба шығарылуы тиіс.

«Даму-микро» технологиясы

«Даму» Қоры ұсынып отырған «Даму микро» технологиясы бойынша шағын кәсіпкерлік үшін несиелендірудің бірнеше түрі бар. Олар — экспресс-несие, микро несие және микро-стандарт несие.
Шарты:

  • Экспресс-несие: қарыз сомасы 3 млн теңгеге дейін, 12 айлық мерзімге дейін, 9 айға дейін жеңілдетілген кезеңімен. 6 айдан кем емес мерзім бойы жұмыс істеп тұрған бизнес болуы тиіс. Несиені мақұлдау мерзімі – екінші деңгейлі банкке өтінім берген сәттен 3 жұмыс күнінен аспайды.
  • Микро несие: қарыз сомасы – 30 млн теңгеге дейін, инвестициялық мақсатта 84 айға дейінгі мерзімде, айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 ай мерзімінде, 12 айға дейін жеңілдетілген кезеңмен. 6 айдан кем емес мерзім бойы жұмыс істеп тұрған бизнес болуы тиіс. Несиені мақұлдау мерзімі екінші деңгейлі банкке өтінім берген сәттен 7 жұмыс күнінен аспайды.
  • Микро-старт несие: қарыз сомасы – 20 млн теңгеге дейін, инвестициялық мақсатта 60 айға дейінгі мерзімде, айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 ай мерзімінде, 18 айға дейін жеңілдетілген кезеңмен. Жұмыс істеп тұрған бизнесі 36 айдан аспауы тиіс. Несиені мақұлдау мерзімі екінші деңгейлі банкке өтінім берген сәттен 7 жұмыс күнінен аспайды.

Оған қоса, микро және шағын бизнес кәсіпкері екінші деңгейлі банктен несие алу кезінде кепілзаты жеткіліксіз болса, «Даму» Қорының кепілдігін пайдалана алады. Жаңа технология бойынша сондай-ақ, несиені 7 — ден 10%-ға дейін субсидиялау құралын қолдану да мүмкін.

«Банк KassaNova» АҚ мен «Альфа-Банк» АҚ ЕБ «Даму» Қорымен жаңа бағдарламаны жүзеге асыру бойынша келісім жасасып, әрқайсысы 200 млн теңге мөлшерінде қаражатқа ие болған.
2016 жылдың алғашқы тоқсанында серіктес — банктер арқылы бағдарлама аясында қарызды мақұлдаудың орташа жылдамдығы 3-7 күнді құрайтын 40 несие берілетіні жоспарланып отыр.

4 Мәжит ЕсенбаевМәжит Есенбаев, «АЛМЭКС» Басқарма төрағасы:
— Олар ұсынып отырған, шамамен 45-50%-ға тең пайыздар, меніңше, шағын және орта бизнес үшін мүлдем тиімсіз. Оған қарағанда бүгінде 14%-бен несие беретін «Даму микро» ұйымының қызметі жаман емес. Біз олармен бәсекеге түскіміз келмейді. Керісінше, шағын несие мөлшерін ұлғайту арқылы көмек көрсеткіміз келеді.

 

 

 

 

Субсидия мал басына қарай төленеді

Субсидия мал басына қарай төленеді

Қазіргі таңда елімізде мал шаруашылығын өркендетуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша мал шаруашылығын дамытамын дегендерге қаржылай көмек көрсетіліп жатыр. Дегенмен, алдағы уақытта дағдарысқа байланысты мемлекеттен берілетін көмектің қысқаратындығы жайлы жиі айтылып жүр. Ары қарай оқыңыз

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Кеңес Алпысбаев

Жаңашыл шаруалар ғана субсидия алады

Өңірімізде 50 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Жыл он екі ай жер тырмалап, еңбек еткен осы дихан қауымы күзгі жиын-терімін аяқтауға жақын. Несібесін жерден тауып отырғандар алған өнімнің мол болғанын қалайды. Ол үшін шаруаларға мемлекет те көмек қолын созып келеді. Соңғы кезде шаруаларды осы мемлекет тарапынан берілетін көмектердің, нақтырақ айтқанда субсидия көлемі азаяды деген ақпарлар алаңдатып отыр. Себебі, дағдарыс кезінде мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылардың мейлінше үнемделетіні белгілі. Осы ретте біз Оңтүстіктің шаруаларына келер жылы мемлекеттен қолдау көрсетіле ме, субсидия мен басқа да қаржылай көмектер бола ма деген сауалдарға жауап алу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Кеңес Алпысбаевқа жолыққан едік. Ары қарай оқыңыз