«Сайрам» колледжі Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтті

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.б. бағытталған» делінген. 1946 жылы ББҰ-ның  жанынан құрылған халықаралық медициналық  мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық  халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. «Сайрам» колледж ұжымы осы күнді жылда қуанышпен атап өтеді. Ары қарай оқыңыз

Атқа қонған қазақтың рухы биік

Атқа қонған қазақтың рухы биік

Облысымызда 2007 жылы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдерді дайындайтын спорт мектебі ашылды. Бір жылдан соң мектеп мамандандырылған спорт мектебі болып өзгерді. Осылайша сегіз жылдың ішінде жасөспірімдерді ұлттық спорттың 10 түріне баулитын мектеп талай белестерді бағындырды. Атап айтсақ, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлігін – 9, ҚР спорт шеберлігін 40-тан астам спортшысы қорғауға қол жеткізді. Сонымен қатар, мұнда ҚР еңбегі сіңген 1 спорт шебері бар. Бүгінгі таңда мектепте 341 спортшы жаттығып жатыр. Аталмыш мектепте ұлттық спорттың дамуына үлкен үлес қосып жүрген әрі елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы Ғани Молдабекұлы басшылық етеді. Сонымен, ұлттық спорт түрлері мен аталмыш спорт мектебінің жетістіктеріне тоқталып өтсек.

Ары қарай оқыңыз