Бауыр ауруларын қайда емдейді?

10-pecheniДәрігерлер бауыр ауруларының тым жасарып бара жатқанын айтып, дабыл қағып отыр. Бұрын «бауырым» деп безектейтіндер 50-60 жастан асқандар болса, бүгінде 30-35 жастағылардың бауырына түрлі диагноздар қойылған. Бауыр циррозы деген ең ауыр түріне шалдыққандардың қатары да артып барады. Ауыр зардапқа әкеп соқтыратын аурудың алдын алу жұмыстары жүргізілгенімен одан шалдыққан науқастардың қатары кеміп отыр ма? Дәрігерлер не айтады?

Ары қарай оқыңыз

Қаңтар-ақпандағы көктем

Бадам ағашының гүлі

Биыл Оңтүстікте қытымыр қыстың ызғары сезілмеді. Әдетте қаңтар-ақпанда алай-дүлей мінез көрсететін табиғат мешін жылында тосын мінезін танытты. Қыс бойы аймақта көк шөп жайқалып өсіп, адам танымастай өзгерді. Ерекше құбылысқа жергілікті тұрғындардың өзі таңданыс білдірді. Қыстың ортасында өңірімізде ауа температурасы 14°С — қа дейін жылынды. Сондықтан болар, ағаштар бүршік жарып, өсімдіктер гүлдеді. Бұл табиғат-ананың ерте оянуын білдіре ме, әлде әлемдік жылынудың лебі бізден басталғандай ма, деген ойда қалдық. Дегенмен, көктемнің ерте келуін жақсылыққа жорығымыз келді. Ары қарай оқыңыз

Желтоқсанда ашылған жаңа нысандар

8 вручение ключей(1)

58 пәтер берілді
ҚР Тәуелсіздігі күнінде «Нұрсәт» мөлтек ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жаңадан бой көтерген №56 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады. Әрі қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге  жас отбасыларға, жетімдер мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге арналған 58 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.  Ары қарай оқыңыз

Қаланың қысқа дайындығы қалай?

7 дорогаҚыс маусымы  басталысымен 3 мердігер  мекеме шаһардың  жолдарын қардан тазалауға кірісіп кетті. «ЛТД-Тұрмыс», «Югдорсервис» және «Бәйтерек-ЛД» серіктестіктері  156 көшені өзара бөлісіп,  өз міндеттерін атқаруда.  Бұл жұмыстарға қала бюджетінен 100 миллион теңге қаржы бөлінген.

Биыл жауған алғашқы қар шымкенттіктерді әбігерге салды. Таң азанымен көшедегі мұздан жаяу жүргіншілер жұмысқа кешігіп жетті. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің де қатынасы қиындады. Коммуналшылар қала көшелерін түнгі сағат 23:00-ден бастап тазалағанын, арнайы инертті материал сепкендерін айтып отыр. Мамандардың сөзінше қала көшелеріне жауапты мекеменің 66 техникасы жұмылдырылған. Ары қарай оқыңыз

Шаруаларға тегін жер беріледі

6e50e6c8f33cc5ff3d2819ba0a915383_bigШымкент аумағындағы жердің 62 219 гектары ауыл шаруашылығына пайдалану мақсатында берілген. Қалаға жақын маңдағы елдімекендердің қосылуы есебінен агроқұрылымдардың саны биылдың өзінде 3,5 мыңға артты. Қазір қалада барлығы 4152 шаруа қожалығы тіркелген болса, олар мал басын көбейтумен қатар өз өнімдерін шығарып жатыр.  Шымкент қаласының 2020 әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамытуда келесі жылдан бастап  біршама өзгерістер орын алмақ. Яғни, өнім көлемін арттырамын деген диқандарға қолдау көрсетілетін болады. Нақты қандай қолдау жасалады? Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғани Құрманбаймен осы және өзге де атқарылып жатқан жұмыстары жайында сұхбаттасқан едік. Ары қарай оқыңыз

Жедел жәрдем қызметіне көңіліңіз толмаса….

IMG_9348Бүгінде өңірде жедел медициналық жәрдем көрсететін 187 бригада бар. Ал, Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасында 74 бригада жұмыс істеп жатыр. 9 стансадан шығатын жедел жәрдем мамандары тәулік бойына 1200-1300 шақыртуға барады. Қала тұрғындарының арасында осы сала қызметі жиі сынға алынып, жұрттың көңілі толмай жатады. Дерлігі, жедел жәрдемнің уақытынан кешігіп жететіндігін айтса, енді бірі ауруханаға апармай қойды деп өкпелі.  Бүгінгі мақалада осы мәселелерге қатысты жауап іздеп, жедел жәрдем қызметінің міндетіне тоқталмақпыз.  Ары қарай оқыңыз

Бикештер қаржылық сауаттылықты қалайды

IMG_3382Еліміздегі шағын және орта кәсіп нысандарының 41%-ын нәзік жандылар басқарады. Аруларымыздың кәсіп ашып, тек өзіме ғана емес, қоғамға да пайда келтірсем деген талпыныстары нәтижесін де беріп жатыр. Осы орайда облыстық Кәсіпкерлік палатасының әйелдер кеңесі «Оңтүстік өңірінің қыз-келіншектері және бизнес» атты аймақтық форум өткізді. Жиынға кәсібін дөңгелеткен не болмаса енді бизнес бастаудың тетіктерін үйреніп жүрген 220 әйел қатысты. Ары қарай оқыңыз

Байтұрсынов көшесі кеңейтіледі

IMG_4492Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, алдағы уақытта Байтұрсынов көшесін (Тәуке хан даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейін) кеңейту қолға алынбақ. Себебі, Бас жоспарда көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарының алдын алу мақсатында көлік инфрақұрылымын дамыту  қарастырылған. Сонымен қатар, бірнеше көшені қайта құру, жол айрықтарын салу, бағдаршамның жұмысын оңтайландыру сияқты мәселелер де басты назарға алынған. Ары қарай оқыңыз

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Ақша беріп, намазға жыққан

Бүгінгі таңда қоғамда діннің атын жамылып, жастарды теріс ағымға азғырушылар көбейді. Өйткені, жастардың өмірлік тәжірибесі аз әрі олар сенгіш келеді. Осыны ұтымды пайдаланған жат пиғылды ағымдар өз үгіт-насихаттарымен жастардың санасын улауда. Олардың ұялы байланыс және интернет желілерін ұтымды пайдаланудың арқасында жастар мен жеткіншектерді теріс жолға итермелеп отырғаны да жасырын емес. Бұған дейін баласын жоғары білім алу үшін қалаға жіберген ата-ана «балам төбелеске ұрынып, келеңсіз жағдайға ұшырап қалмасын», не болмаса «қаржыдан қысылып, қиналмаса екен» деп уайымдаса, қазір «базбіреулердің алдауына сеніп, кереғар ағымдардың жетегінде кетіп қалмаса игі» деп қауіптенетін болды. Намазға барса, теріс ағымға өтіп кетпес па екен деп қауіптенетін болды. Себебі, мұсылман дінін теріс әрекеттер жасау мақсатында пайдаланып жүргендер қазақ қоғамы үшін үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұл дәстүрлі дініміздің дамуына кері әсер етіп отырғаны белгілі. Кейбір исламшыл топтар Сириядағы содырлар қатарын толықтыру үшін көптеген құйтырқылық әрекеттерге баруда. Соның бірі әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын азғырып, қатарына қосуда. Қалай дейсіз ғой? Ары қарай оқыңыз

«Қазына» этносаябағы — киелі кесенелер мекені

IMG_4309

Қай шаһар болмасын тарихымен мәнді, сәулетімен сәнді. Шырайлы Шымқаланың өткені бүгінгі сәулетімен сабақтасып жатыр. Сөзімізге қаламыздағы «Қазына» этносаябағы дәлел бола алады. Шымшаһардың сәулетшілері алдымен Дендробақ пен зообақтың жанынан саябақ жасамақшы болған екен. Алайда, облыстың бұрынғы басшысы Асқар Мырзахметов «Бұл жер кәдімгі жай серуендейтін емес, этнографиялық саябақ болса» деген ұсыныс жасапты. Содан сәулетшілер жұмылып, тарихи этнографиялық саябақтың жобасын жасаған. Нәтижесінде, бұл жер қала тұрғындары мен шетелден келетін қонақтардың демалыс орталығына айналды. Жалпы алаңы 76 гектарды алып жатқан кешенді салуға қазынадан 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Сонымен, этно-тарихи кешеннің өзге саябақтардан ерекшелігі неде? Осы мақсатта біз этнобаққа арнайы барып, фотореп жасап қайтқан едік. Ары қарай оқыңыз